| |
 |
 |
 |
| 10.02.2011 Гендерлік мәселелер жайындағы дөңгелек үстел |
ШҚО Талдау және болжау институтында ақпанның 10 күні гендерлік мәселелерге арналған дөңгелек үстел болып өтті. Шараны жүргізген ішкі саясат бөлімінің бастығы Б. Бакинова бөлімнің қызметі, шешім қабылдаудағы жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің роліне тоқталып өтті. Сонымен қатар Бұлбұл Рамазанқызы статистикалық мәліметтерді келтіріп өтті. Бала және ана өлімі көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан бұл мәселе әлі де көкейтестілердің қатарында қалып отыр. Өз сөзінде Бұлбұл Рамазанқызы биылғы жыл үстіміздегі жылдың 3 сәуірінде өтетін президенттік сайлаумен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен ерекшеленетіндігін атап өтті.
ШҚ «Іскер әйелдер ассоциациясы» филиалы ҚБ төрағасы Т. Цветкова жиналғандарды ассоциацияның қызметімен таныстырып, алға қойылған жоспарларды ортаға салды. Бүгінгі күннің жоспарында «Шығыстың маржандары» атты конкурстың жеңімпаздары атанған әйелдер жайлы кітап шығару. Бұл жүлде өз бастауын біздің облыста алған еді. Бұл кітапқа барлық 73 жеңімпаз туралы мәлімет кіреді. Сонымен қатар әлеуметтік дүкендердің қызметін жалғастыру да ойда бар. Бірнеше жылдан бері өмірдің қиын жағдайларына тап болған азаматтар кризисті орталықтан қажетті көмек пен мамандарының кеңесін алу мүмкіндіктері бар еді. Алайда бұл орталық түрлі себептерге байланысты өз қызметін тоқтатқан болатын. Татьяна Ивановнаның хабарлағанындай, қазіргі таңда осы орталықты жаңадан ашу мақсатында қажетті ғимарат іздестірілуде. Баяндама барысында Татьяна Ивановна жиналғандардың назарына ассоциация жайлы түсірілген қысқаша фильмді ұсынды.
Шара соңында қонақтар жоғарыда айтылған мәселелерге тоқталды. «Восток-Грация» ЖШС директоры Н. Цыкунова бүгінгі таңда түймеден бастап матаға дейін бізге шеттен әкелінетін болса, қазақстандық өнімдердің үлесін қалай ұлғайтуға болатыны жайлы мәселе көтерді. Бұл ретте кәсіпкер-әйелдер билік тарапынан көмек сұрады. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы С. Жүніспекова орталыққа жаңа ғимарат іздеуде өз көмегін ұсынды.
Дөңгелек үстел соңында дөңгелек үстелге қатысушылар арасынан облыстық конференцияға қатысатын делегаттар сайланды.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
16.02.2011 Қоғамдағы гендерлік теңдік мәселе ...25.01.2011 ӨӨАБ сұрақтары бойынша дөңг ...26.04.2011 Бірлесе көтерген жүк жеңіл 14.12.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы18.05.2011 Шетелден көмек
|
| Просмотров: 401 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е |
|
 |
|
| |
|
|