| |
 |
 |
 |
| 25.01.2011 ӨӨАБ сұрақтары бойынша дөңгелек үстел |
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында ШҚО талдау және болжау институтында: «Жергілікті деңгейдегі ашықтық бастамасын қоғамдық қолдау» атты дөңгелек үстел өтті. Қазақстан 2005 жылдан бастап қосылған аталмыш бастама өндіруші өнеркәсіптердің мемлекетке қаржы төлеу процесстерін неғұрлым ашық етуді көздейді. Қарапайым азаматтар өз кезегінде арнайы есеп арқылы, бөлінген қаражаттың қандай мақсатта жұмсалуын тексеру мүмкіндігіне ие. 2009 жылы өткен валидациялау процессі нәтижесінде, біздің мемлекет қойылған талаптарға толық мөлшерде жауап бермейтін мемлекет ретінде танылды.
Іс-шараны жүргізген, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚФ директоры Н. Сафонова «ШҚО үлгісінде, жергілікті жерде ӨӨАБ қоғамдық қолдау» атты зерттеуінің тұсаукесерін жүргізді. 400 адам қатысқан бұл зерттеудің мақсаты облыс тұрғындарының ӨӨАБ іске асыру жөніндегі ақпараттандырылуының деңгейін анықтау болды. Мақсатты топ ретінде:
-ШҚО тұрғындары
-мемлекеттік қызметкерлер
-өндіруші компаниялар
Өкінішке орай бұл зерттеуге өндіруші компания атынан тек 4 кәсіпорын қатысты. Бұл соңғылардың бастаманы іске асыруға талпынбайтындығын көрсетуде.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей тұрғындар арасында 85,50% ӨӨАБ және оның бізде іске асырылуы жайлы ештеңе білмейтін болып шықты. Жауап бергендердің 10% бұл жайлы ақпараттың шетін шалып қалса, тек 5% бұл сұрақта өзінің біліктілігін көрсете білді. Осыған ұқсас нәтиже ақпаратты алу көзі жайлы сұраққа да алынды. Ең тиімді ақпарат көзі ретінде телеарналар мен баспа басылымдары, тиісінше 6% және 3%, танылды. Ал бұл сұраққа жағымсыз жауап бергендердің саны 87% құрады. Сонымен қатар жауап бергендердің басым бөлігі бұл бастаманың ҚР орындалуы жайлы уақтылы ақпараттандырылуға мүдделі болып шықты. Сауалнамаға жауап бергендердің көбісі азаматтық қоғамның ӨӨАБ қатысуын қажет деп тапты. Мемлекеттік қызметкерлердің сауалнамасы да осы іспеттес нәтиже берді. Олар ашықтық бастамасы жайлы көп жағдайда ештеңе білмейтін болып шықты.
Бұл бағыттағы басты қиындықтар ретінде:
- ӨӨАБ жөніндегі ақпараттанудың төмен көрсеткіштері;
- ашықтық бастамаларын қолдаушылық принциптерінің жоқтығы;
- АҚ мүшелерінің бұл үдеріске аз мөлшерде қатысуы, әсіресе жергілікті деңгейде алғанда және т.б.
Ұсыным ретінде:
- жергілікті тұрғындардың ақпараттану деңгейін асыру;
- өндіруші өнеркәсіп компанияларын әлеуметтік жауапкершіліктің ашық саясатына көшуге шақыру;
- көпжақты кеңестің рөлін арттыру, соның ішінде мәслихат депутаттарының рөлін арттыру арқылы және т.б.
Талқылау бөлігінде қатысушылар бірқатар өте бағалы ұсынымдар айтты. Олардың қатарына Маңғыстау облысында енгізілген қоғамдық сараптауды бізде де енгізу, азаматтық қоғамның меморандумдарды тікелей жасау барысына қатысу, үкіметтік емес ұйымдардың деңгейін арттыру жайында, кез-келген адам өзіне қажет ақпаратты дер кезінде таба алатын ақпараттық ресурс құру жайлы. «FAITH» ҚҰ жетекшісі С. Стандур өндірістік компаниялармен, олардың жағынан бірге жұмыс жасауға ешбір ынта болмаса, қалай жұмыс істеуге болады деген сұрақ қойды. Бұл жайтты кездесудің модераторы да атап өтті. Сонда үкіметтік емес ұйым мүшелері соңғыларға өз уәжін айту үшін, міндетті түрде облыс басшылығына жолығу қажет пе? Бөлінетін ақшаны мақсатты жұмсау сұрағы да үлкен пікір талас туғызды.
ӨӨАБ сұрақтарына байланысты жұмыс тобы әлі құрылған жоқ. Бұл ретте Надежда Сафонова шараға қатысушы компания, ҮЕҰ мен мемлекеттік орган мүшелерін көпжақты кеңестің мүшесі болуға шақырды. Осы сұрақтарды қарастыратын келесі отырыс ақпанның басында өтеді.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
13.10.2010 Өндірістік өнеркәсіптің ашықты ...16.02.2011 Қоғамдағы гендерлік теңдік мәселе ...07.06.2011 Қоғамдық кеңестің тұраu ...08.07.2010 Азаматтық бастама 2008 жылғы 1 сәуірдегі ШҚО Маслихатының сессиясынд ...
|
| Просмотров: 312 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|