| |
 |
 |
 |
| 21.01.2011 «Қазақстан - 2020» |
21 қаңтар күні ШҚО талдау және болжау институтында «Саяси клубтың» меморандумға қол қою мәселесіне арналған кеңейтілген отырысы өтті. Бұл бастама туралы алғаш «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н. Нығматулин 12 қаңтарда, Астанада журналистермен болған брифингте айтқан болатын. Отырысқа «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ төрағасының орынбасары Ғ.С. Тұрсынбаев, республикалық партия филиалдарының жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты.
Отырысты ашқан ШҚО Азаматтық альянсының төрағасы О.В. Чернышов бұл меморандумға қол қоюдың маңыздылығы жайлы қысқаша баяндап, облыстың үкіметтік емес секторы бастамашыл топтың президент өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы бастамасын толық қолдайтынын айтты. Келесі болып сөз алған «Нұр Отан» ХДП өкілі қазіргі таңға жиналған қолдың саны 5 миллионнан асып кеткенін тілге тиек етіп, болашақта мемлекеттің тұрақты дамуы үшін елдегі жағдай тұрақты болуы тиіс дегенді айтты. Ал тұрақтылықтың басты кепілі - президент. Ол еліміздің соңғы жылдарда жеткен жетістіктеріне қысқаша тоқталып, болашақта да осындай нәтижелерге жететінімізге сенім білдірді. ШҚО Әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы В.Ф. Лопаткин да осы сарында әңгіме өрбітіп, барлық тұрғындарды бұл мәселеде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға шақырды.
Сонымен қатар отырыс барысында Риддер қаласымен бейнеконференция режимінде байланыс орнатылып, Риддер қаласы Қоғамдық кеңестің төрағасы Н. Худякова бұл қадамды бір ауыздан қолдап, жастарды қоғамдық өмірге белсенді түрде араласуға шақырды. ШҚО еврей этномәдени орталығының төрағасы В. Лебедев Елбасының Қазақстан халықтары ассамблеясын құрудағы рөлін атап өтіп, ұйымның елдегі этносаралық ынтымақтастықты сақтаудағы орны туралы баяндады.
Отырыс соңында қонақтар меморандумға қол қойды.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
17.06.2010 «Кедендік бақылау: артықшылықтары мен мә ...07.12.2010 Саяси клубтың: «ЕҚЫҰ Астана саммиті: қо ...14.12.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы30.04.2009 Этномәдени бірлестіктердің республикалық конф ...30.12.2010 Бастамашыл топтың журналистермен брифингі
|
| Просмотров: 222 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|