| |
 |
 |
 |
| 17.01.2011 Кәсіпкерлерге көмек |
2010 жылдың 17 қаңтарында «Алтай» технопаркінде Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т. Орынбаевтың төрағалық етуімен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуын қарастыруға арналған республикалық кеңес өтті. Кеңеске Мәжіліс Парламентінің депутаты Е. Н. Әпсәлямов, ШҚО Әкімі Б.М. Сапарбаев, облыс әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік орган бастықтары мен кәсіпорын өкілдері қатысты.
Тәуліктің бірінші жартысында қонақтар «Азия Авто», «Востокмашзавод» АҚ сынды нысандарды аралап, ондағы жағдаймен танысты. Ал кеңес алдында қонақтар өңірлік университеттің «Іргетас» инженерлік бейінді зертханасының тұсаукесеріне қатысып, экспонаттармен танысты.
Кездесудің басында облыс әкімі Б. Сапарбаев қонақтарға сәлем беріп, «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қол жеткізген жетістіктерге тоқталды. Бердібек Мәшбекұлы өз сөзінде жаңа бағдарламаның да сәтті болатынына сенімін білдірді. Екі жыл көлемінде жалпы сомасы 30 миллиард теңгені құрайтын 1637 жоба іске асырылған. Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т. Орынбаев жиналғандарды бағдарламаның бағыттарымен таныстырып, оның қандай нәтижелерді көздейтіні туралы қысқаша айтып өтті. Өткен жылы Банктермен жалпы сомасы жүз миллиард теңгені құрайтын 225 өтініш қабылданды. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылдың сәуір айында басталып үш бағытта іске асырылады. Олар:
1. Жаңа бизнес бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа негізделген өндірісті қолдау
Жиынды жүргізген экономикалық даму және сауда Министрі Ж. Айтжанова өткен жылдың соңында Үкімет қабылдаған жаңа төртінші бағыттың жүзеге асырылатыны туралы хабардар етті. Бұл бағыт кіші және орта бизнес өкілдеріне сервистік көмек көрсетуден құралады. ШҚО үшінші бағытты іске асыру бойынша республика бойынша алғы орындарда. ШҚО-да бағдарламаны жүзеге асыруға 1243,2 млн. теңге қаржы бөлінген.
Баяндамашылар өз сөздерінде 2010 жылдың бағдарламаны асырудағы алғашқы жылы болғандықтан, кемшіліктер кетуі мүмкін дегенді айтты. Мысалға: өтініштерді қарастыру мерзімінің ұзақтығы. Бұл ретте жергілікті банк филиалдарына қосымша мүмкіндіктер берілсе деген ұсыныс айтылды. Бүгінгі таңда бағдарламаға, оның жүзеге асырылу тиімділігін асыруға бағытталған өзгерістер енгізілуде.
Біздің ел бүгінгі күні өзінде шығаруға мүмкіндігі жететін тауарларды, өзге мемлекеттерден сатып алуға мәжбүр. Демек, біз өзге мемлекеттердің экономикасын дамытудамыз деген сөз. Он жылға арналған бұл бағдарлама ішкі нарықты елімізде шыққан, сапа жағынан шеттен әкелінген тауарлардан еш кем емес тауарлармен толтыруға жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар бұл бағдарламаны жүзеге асыру мемлекетті шикізат секторына тәуелділіктен босатып, бәсекеге қабілетті кіші және орта бизнес секторын құруға алғышарт болады деп күтілуде.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
ШҚО ішкі саясат департаменті директоры Т.Т.Түсіпбековтың ... 2008 жылғы 1 сәуірдегі ШҚО Маслихатының сессиясынд ...14.12.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы20.08.2009 Шығыс Қазақстан облысының үкіметт ...06.03.2010 Халықаралық әйелдер күні қарса ...
|
| Просмотров: 203 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|