| |
 |
 |
 |
| 14.12.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы |
Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдармен азаматтық қоғам арасындағы көпір іспеттес. Қоғамдық кеңес жанында тұрақты түрде әртүрлі сұрақтарды қарастыратын сарапшылық жұмыс топтары жұмыс істейді. 2010 жылдың 14 желтоқсанында Достық үйінде Қоғамдық кеңестің ШҚО есірткі және есірткі бизнесімен күресі жөніндегі отырысы болып өтті. Отырыс үстіміздегі жылғы күзде өткен сарапшылардың жұмыс кездесулерін қорытындылады. Бұл шараға ШҚО әкімі Б. Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасары Т. Түсіпбеков, басқарма бастықтары, үкіметтік емес ұйымдардың, дін және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған мәселе тегіннен тегін көтеріліп жатқан жоқ. Біздің ел Ауғаныстан аумағынан Ресейге және Еуропа елдеріне өтетін есірткі транзитінің дәлізі болып табылады. Мұндай көршілестік біздің еліміздегі нашақорлар санының көбеюіне және есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыс санының өсуіне әкеп соқтырды. Сарапшы жұмыс топтарының мүшелері өз отырыстарында оңалту орталықтарының жетіспеушілігін, тиісті органдар арасындағы өзара байланыстың болмауы фактілерін атап өтті. Сарапшылар өңірлік бағдарлама толық іске аспауда деген шешімге келді.
Қоғамдық кеңес отырысы мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен қоғамның назарын осы мәселелерге аударып, бағдарламаны орындау барысында туындайтын қиындықтарды шешу жолында барлығының күшін біріктіруге шақырды. Отырыс барысында бұл бағытта атқарылған жұмыс жайлы бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады. Ішкі істер департаментінің бастығы Н. Қасымовтың айтуынша, департамент қызметкерлері ағымдағы жылда 200 килограммнан астам есірткі тәркіленсе, денсаулық саласында түрлі акциялар, сыныптық сағаттар мен 600-ден астам білім мекемелерінің оқушыларын қамтыған наркотест медициналық тексеруі өткізілгені жайлы білім беру басқармасының бастығы Н. Арғынғазин баяндап берді. Тексеру барысында 28 жағдай оң нәтиже көрсетті. Мұның бәрі тиісті органдар атқарып жатқан жұмыстың жеткіліксіздігін білдіреді. Өңірлік бағдарламада жаңа оңалту ғимаратын салуға 120 миллион теңге қарастырылғанына қарамастан, бұл ғимарат әлі де бой көтерген жоқ. Алғашқы кездері ескі ғимаратта емделушілер саны отыздан асып жығылса, бүгіндері олардың саны тіпті азайып кеткен. Есірткіге салынғандардың айтуынша, мұның себебі емдеудің тиімсіздігі мен аса ауыртпалылығында. ҮЕҰ өкілдері, атап айтқанда, «Ауған соғысы ардагерлерінің Өскемен қ. ұйымы» ҚБ төрағасы С. Денякин, атқарылып жатқан шаралар тек қана үкіметтік емес ұйымдардың жеке құлшынысы арқасында іске асырылуда, сондықтан мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа осы тақырыпта лот енгізілсе дегенді айтты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Б. Абдрашева есірткі мәселесін шешуге бизнес-құрылымдарды да қатыстыру керектігін атап, бірыңғай орталық ашу туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар ол облысымыздың түкпір-түкпіріне қатынайтын денсаулық автобусы құрылып, жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсетсе игі болар еді деген пікір айтты.
Шешімін таппаған мәселелер жеткілікті және өкінішке орай, билік олардың барлығын жалғыз өзі шеше алмайды. Барлық тараптар күш салып, жұмылуы қажет. Бұл ретте отырыс барысында барлық саладағы ең білікті мамандардан тұратын жұмыс комиссиясын құру туралы шешім қабылданды. Қоғамдық кеңестің төрағасы В. Лопаткин жиналғандарды бұл үрдіске белсенді араласып, осындай маңызды мәселені талқылауда шетте қалып қоймауға шақырды.
Отырысты облыс әкімі Б. Сапарбаев қорытындылап, билік өз тарапынан қолынан келгеннің барлығын жасауда, алайда кейде тұрғындар енжарлық танытатындығын айтып өтті. Мысал ретінде ол өткен жылы пайдалануға берілген спорттық алаңдар бүгіндері қаңырап бос тұрғандығын келтірді. Сонымен қатар әкім аудандардағы мәдени-көңіл көеру орталықтарының жоқтығын атап өтіп, үйлестіру орталығын құру туралы ұсынысты құптады. Өз сөзінде Бердібек Мәшбекұлы нашақорлық мәселесі аса өзекті болып отырған аудандарға тоқталып, белең алып келе жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс жасау фактілері мен өзіне қол жұмсау фактілеріне алаңдаушылық білдірді. Сөз соңында әкім барлық жиналғандарға осындай маңызды мәселені талқылауға қатысып, өз пікірлерін білдіруге атсалысқаны үшін алғысын білдіріп, келешекте көтерілген мәселелер өз шешімін табатындығына сенім білдірді.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
03.11.2010 Сарапшылар нашақорлық мәселелері жайында11.04.2011 Орталық жайлы18.05.2011 Шетелден көмек26.04.2011 Бірлесе көтерген жүк жеңіл 21.01.2011 «Қазақстан - 2020»
|
| Просмотров: 311 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|