www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 14.12.2010 БАҚ өкілдері бас қосты
14.12.2010 БАҚ өкілдері бас қосты
 
        2010 жылғы 14 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тілдік орта қалыптастырудағы  бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі»  атты «дөңгелек үстел» өтті.  Аталған шараға республикалық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері мен редакторларынан басқа қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен студенттер қатысты.
       Дөңгелек үстел барысында сөз алған ғалымдардың көпшілігі журналист қауымның «паразит сөздерді», «калька аудармаларды»  қолдану арқылы онсыз да  халі мүшкіл лингвоэкологиялық жағдайды ушықтырып жүргенін, тіл мәселесіне келгенде жалаң ұрандармен шектеліп келе жатқанын ашық айтып, облыстық газеттердің кейбірінен нақты мысалдар келтіре отырып, ескертпелер жасады. Сондай-ақ жергілікті газеттердің бетінде тіл саясатына қатысты мазмұны терең материалдардың орнына ақпараттық есеп беру түріндегі материалдардың көп жариялантыны жайында да сыни пікірлер айтылды. 
       Өз кезегінде сөз алған БАҚ өкілдері бұл мәселеде журналистердің шеберлігінен басқа тапсырыс бойынша жұмыс істеу жүйесінің де өз әсері тиіп жатқанын алға тартты. Ал Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы директорының орынбасары Д. Сағиева тіл үйренушілердің әдеби тілін қалыптастыру үшін мемлекеттік тілдегі газеттерді жиі пайдаланатыны жөнінде айта келіп, осы тұрғыдан келгенде баспа өкілдеріне жарияланатын материалдардың мазмұнымен қатар стилдік, орфографиялық тұрғыдан сауаттылығына баса назар аударса деген тілегін де білдірді. Ал «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары С.Аубакиров жас бүлдіршіндерге арналған тіл үйренуге септігі тиетін хабарлардың аз екенін мәселе етіп көтерді. Шара соңында «дөңгелек үстелге» қатысушылар арнайы ұсыным қабылдап, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда бірлесіп әрі белсенді әрекет етуге уәделесті.


 
Другие новости по теме:

  • Біздің ұсыныстар
  • 21.04.2010 Студенттер Альянсы Ұлы Отан соғысының ардагер ...
  • 01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсы ...
  • 18.08.2009 Өңірлік проблемаларды шешуде азаматтық инстит ...
  • 2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

    1
    2
    3
    4
    5
    6
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село