| |
 |
 |
 |
| 07.12.2010 Бюджет ашықтығы жайлы бірер сөз |
Бюджет пен бюджеттік процесстердің ашықтығы мемлекеттің өз азаматтары алдындағы міндеттілігін ғана білдіріп қоймай, әр азаматтың кез-келген уақытта мемлекет қаражатының қандай мақсатта жұмсалуда екенін біле алатын демократиялық мемлекетті құрудың бір айғағы болса керек. Осы мақсатта «Экономикалық зерттеулер мен мониторинг орталығы» ҚФ 2010 жылы «Жергілікті бюджеттердің ашықтық рейтингі» атты зерттеуін жүргізіп, ШҚО талдау және болжау институтында оның тұсаукесер рәсімі болып өтті. Жоба жетекшісі Ш. Айтенованың айтуына қарағанда жоба алғаш рет өткізіліп отырғандықтан зерртеуде 5 облыстық бюджеттің ашықтығына талдау жасалды. Тұсаукесерге ШҚО қаржы басқармасының бастығы А.А. Құрманғалиев, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Зерртеу нәтижелері бірде-бір облыстық бюджеттің зерттеуде көрсетілген критерийлерге толықтай сәйкес еместігін көрсетті. Зерттеу қорытындылары бойынша бірінші орынды Ақтөбе облысы иеленсе, аталған бес облыстың ішінде ең нашар көрсеткіштер Қарағанды облысында тіркелді. Шығыс Қазақстан облысы мүмкін деген 100 ұпайдың 42% қол жеткізіп үшінші орынға тұрақтады. Ал облыс әкімі сайтындағы бюджет жайлы ақпараттың қол жетімділігі жағынан біздің облыс қатарынан екінші жыл ешкімге дес бермеуде. Сонымен қатар зерртеу барысында атқарушы үкімет қызметіне қатысты ақпарат өкілді билік қызметі қатысты ақпаратқа қарағанда анағұрлым толық берілетіні анықталды. Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің бюджет сұрақтарын талқылайтын мәслихат сессияларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі. Өкілді билік өкілдері болса, бұл жәйтты ҮЕҰ өкілдерінің өздерінің енжарлығымен түсіндіреді. Сайттарда жарияланатын ақпарат қарапайым адамдарға кей-кейде түсініксіз болса, бюджеттік комиссияның мүшелері туралы ақпарат жоқ.
Тұсаукесер аяталған соң сөз алған қаржы басқармасының бастығы А. Құрманғалиев зерртеу барысында қозғалған мәселелерді жиналғандарға ашып, келешекте осындай зерттеулердің жалғасын табуына тілектес екендігін білдірді. «Кругозор» мәдениет және туризм жастар орталығы» ҚБ жетекшісі Т.Г. Нетунаева облыстағы жастар бағдарламаларын қаржыландырудың тағдыры мен зерттеу барысында қабылданған ұсынымдардың тез арада іске асырылуын тілге тиек етті. Сонымен қатар бірлестік жетекшісінің сөзіне сенсек, БАҚ-ты жастар бағдарламасын жариялау бағытында қаржыландыру кажет. Себебі оның беттерінде жарияланатын мақалалардың басым бөлігі жастар мәселесін кері жағынан көрсетуде.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
ШҚО ішкі саясат департаменті директоры Т.Т.Түсіпбековтың ... 2008 жылғы 1 сәуірдегі ШҚО Маслихатының сессиясынд ...25.01.2011 ӨӨАБ сұрақтары бойынша дөңг ...20.08.2009 Шығыс Қазақстан облысының үкіметт ...01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсы ...
|
| Просмотров: 263 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е |
|
 |
|
| |
|
|