www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 30.11.2010 Оқыту семинары
30.11.2010 Оқыту семинары
 
       ШҚО талдау және болжау институтында 30 қараша мен 1 желтоқсан күндері ПРООН/ГЭФ-тің «Қазақстандағы ПХД-ны басқарудың кешенді жоспарын құру мен іске асыру» жобасының шеңберінде Шығыс Қазақстандық өнеркәсіп орындарының ПХД-заттары бар жабдықтарын қәуіпсіз басқару жүйесін құруға арналған 2 күндік оқыту семинары болып өтті. Құрамында ПХД-заттары бар жабдықтарды шығаруға КСРО-да тыйым 1989 жылы салынса, Қазақстанда мұндай жабдықтар айналымға 1991 жылдан бері енбейді. ҚР: «Тұрақты органикалық ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясын ратификациялау» заңы 2007 жылдың 7 маусымында өз күшіне енді. Оның басты мақсаты тұрақты органикалық ластаушылардың барлық қалдықтарымен қорларын эклогиялық қәуіпсіз жою. Атай кететін жәйт бұл полихлордифенил заттары ыдырауға ұшырамай, табиғатта айналымда мәңгі жүре беретін қасиетке ие. Адам ағзасына енген мұндай заттар онда жиналып түрлі аурауларға әкеп соқтырады. Олардың ішінде:  иммунды жүйені улау мен басып жаншу, әйелдердің репродуктивті функциясына кері әсер ету, жүйке ауруларына шалдықтыру.
       Алты адамнан құралған жұмыс тобының мүшелері аталмыш семинарды Астана мен Бурабайда өткізіп, енді міне біздің қалаға да атбасын тіреді. Жоба сарапшылары семинарға қатысушыларды құрамында майлары бар жабдықтар мен құрылғыларды пайдалану, түгендеу сұрақтарымен және ондай құрылғылардың негізгі орналасқан жерлерімен таныстырды. Семинарға қатысушылар жобамен танысуға мүмкіндік алса, жоба мүшелері өз ретінде құрамында ПХД-заттары бар жабдықтармен күнделікті тәжірибесінде кездесетін өнеркәсіп өкілдері мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің айтқан пайдалы ұсынымдарын түртіп жазып алды. Келесі жылы барлық өнеркәсіптерді осындай жабдықтарды тіркеп, келешекте жоюды міндеттейтін заң қабылданады деп күтілуде. Сонымен қатар жоба мүшелерінің айтуынша құрамында ПХД-заттары бар жабдықтарды уақытша сақтайтын қойма салу ойда бар, және ондай қойманың бізде орналасуы мүмкін.  Жоба менеджері Нұрлан Ескендіров  Қазақстандағы ПХД-ны басқару жоспары мен басқа елдердің осы мәселедегі тәжірибесімен бөлісті. Жобаның қалдықтар бойынша сарапшысы Д. Калмыков полихлордифенилдың адам ағзасына тигізетін кері әсері мен онымен жұмыс істегенде сақтайтын қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Қатысушылар семинар барысында көрсетілген ақпаратты белсенділікпен талқылап, табылған кемшіліктерді атап өтіп, оларды болашақта түзету кректігін атап өтті.
       Бұл шара болашақта қоршаған ортаға оң өзгерістер әкелетін үлкен жобаның тек алғашқы баспалдағы болады деген сенімдеміз.

 
Другие новости по теме:

  • 11.04.2011 Орталық жайлы
  • 18.05.2011 Шетелден көмек
  • 07.12.2010 Саяси клубтың: «ЕҚЫҰ Астана саммиті: қо ...
  • 26.04.2011 Бірлесе көтерген жүк жеңіл
  • 27.12.2010 Гендерлік саясат мәселелері жайындағы семинар


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

    1
    2
    3
    4
    5
    6
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село