| Ресми сайты » Главная » 22.11.2010 Облыс орталығында үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы |
|
 |
 |
 |
| 22.11.2010 Облыс орталығында үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы |
2010 жылдың 22 қарашасында облыс орталығында үкіметтік емес ұйымдардың
облыстық форумы өтті. Облыстық әкімдіктің ғимаратында өткен форум
облыстағы үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік орган өкілдерінің басын
қосты. Фоурмның бірінші жартысындағы қоғамдық тыңдауларда мемлекеттік
органдармен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара әрекеті тыңдалды.
Ішкі саясат басқармасының бастығы Ж.М. Омар «ШҚО 2006-2011 жылдарға
азаматтық қоғамды дамыту концепциясы» баяндамасында, жағымды жақтармен
орын алған кемшіліктер туралы баяндады. Кейінірек сөз алған
координациялау және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау және
табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының
өкілдері аталмыш концепцияның нақты салаларда қалай жүзеге асатынын
баяндады. Азаматтық Альянстың төрағасы О.В. Чернышов кейбір ҮЕҰ шетелдік
ұйымдармен жұмысын және олардан алып отыратын қаржылай көмегін сынға
алды. Алайда кедергілер мұнымен таусылмайтындығы белгілі болды. Бүгінгі
таңда әрекет етіп отырған ҮЕҰ туралы ақпараттың нақты орын алған
жағдайға сәйкес келмеуі байқалуда. Басқаша айтқанда түрлі жиындарда
облыс бойынша осынша үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істеуде десе, бұл
жұмыс істеп отырған ұйымдардың саны дәл осынша деуге келмейді. Тәжірибе
көрсеткендей ондай ұйымдардың саны кей-кезде жалпы тіркеуден өткен ҮЕҰ
жартысына да жетпейді. Осы орайда Азаматтық Альянстың төрағасы болашақта
мемлекеттік органдардың облыс аумағында қандай үкіметтік емес ұйымдар
әрекет етіп отырғандығы туралы хабардар болу үшін үкіметтік емес
ұйымдардың картасын жасау қажет деді. Форумның бірінші жартысының
соңында ҮЕҰ ең белсенді өкілдері арнайы мақтау қағаздарымен
марапатталды.
Пленарлық отырыста үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сөз алды.
«Алтын-ай» ҚБ төрайымы М.М. Мирвазетдинова келешекте психоневрологиялық
патологиялары бар балаларға арнайы жұмыс орындары құрылса деген тілек
білдірді. Сонымен қатар ҮЕҰ арасында теңдік жағдайына мемлекеттің назар
аударуы, мемлекеттік қызметкерлерді қоршаған ортаның жағдайымен
таныстыруға арналған лот құру және т.б. ұсыныстар айтылды. Отырысқа
қатысушылар ҮЕҰ өзара қызметтес болуының қажеттігін атап өтті. Азаматтық
қоғамды құрудағы мемлекеттің орны жайлы форумға қатысушылардың
пікірлері қарама-қайшы болды. Біреулері ҮЕҰ мемлекеттің сан алуан
мәселелерді шешуде теңдес әріптесі болуы керек дегенді алға тартса, енді
біреулер мемлекеттік ұйымдар тарапынан алынатын қаржылай және
материалды көмек олардың дамуының бірден-бір көзі дегенді айтты.
Ұсыныстар тек бір Азаматтық Альянс тарапынан ғана түскендіктен
қорытынды құжат қабылданған жоқ. Бұл орайда ҮЕҰ-ға өз ұсыныстарын жыл
соңына дейін ШҚО талдау және болжау институты мен Азаматтық Альянсқа
тапсыру ұсынылды. Аталмыш ұйымдар бұл Ұсыныстарды талдаудан өткізіп,
құрап тиісті органдарға жібереді.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
26.08.2010 Үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі ...ШҚО ішкі саясат департаменті директоры Т.Т.Түсіпбековтың ...01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсы ... 2008 жылғы 1 сәуірдегі ШҚО Маслихатының сессиясынд ...27.07.2010 Мүддеміз ортақ
|
| Просмотров: 248 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|