| Ресми сайты » Главная » 15.11.2010 Черемшан құс фабрикасының келешек тағдырына арналған баспасөз-конференциясы өтті |
|
 |
 |
 |
| 15.11.2010 Черемшан құс фабрикасының келешек тағдырына арналған баспасөз-конференциясы өтті |
2010 жылдың 15 қарашасында ШҚО талдау және болжау институтында Черемшан
құс фабрикасының келешек тағдырына арналған баспасөз-конференциясы
өтті. Облыс әкімінің орынбасары Григорий Васильевич Пинчук пен Глубокое
ауданының әкімі Владимир Леонидович Кошелев жиналған журналистерді құс
фабрикасының қазіргі жағдайымен таныстырды. Облыс әкімінің орынбасарының
сөзіне сүйенсек фабрика иелері қарыз мөлшері 500 млн. теңгені құрайтын
кәсіпорыннан бас тартып, оны 1 теңге сомасына сатуға дайын көрінеді.
Күнделікті фабрика 1 млн. 200 мың теңге мөлшерінде шығынға батуда.
Глубокое ауданының әкімі фабрика жұмысшыларына 21 тонна ұн, 800 тонна
көмір мен макаронды өнім түрінде көмек көрсетілгенін атап айтты. Облыс
әкімі орынбасарының айтуынша фабриканы сақтап қалу үшін 350-400 млн.
теңге қажет екен. Ал мұндай қаражат жоқ. Мемлекет өз тарапынан заңды
тұлға болып табылатын кәсіпорынға көмек көрсете алмайды. Сол себепті
қазіргі таңда қиын жағдайдан шығудың түрлі жолдары қарастырылуда.
Сонымен қатар Григорий Васильевич әкіммен болған кездесуде Бердібек
Сапарбаевтың құс фабрикасын қайткен күнде де сақтап қалу қажеттігін атап
айтқанын сөз етті. Қазіргі таңда банкротқа ұшырау туралы сөз
қозғалмауда. Журналистер өз тарапынан фабриканы осындай халге жеткізген
оның бұрынғы иелері қандай жауапқа тартылатындығы туралы сұрады.
Григорий Васильевич Пинчук мұндай нәтиже тек бұрынғы иелердің ғана
кінәсі емес деді. Құстардың жаппай қырылу салдарынан фабрикада қазір
өзін-өзі ақтау үшін қажетті 300 мың бас құстың орнына, тек 180 мың ғана
құс бар. Сонымен қатар оның айтуынша фабрикадағы жағдайдың шиеленіскені
туралы ақпарат шындыққа сай келмейді. Жұмысшылар кез-келген жағдайда
жұмыс істеуге дайын. Тек фабрика аман қалса болғаны.
Сөз соңында әкім орынбасары барлық қарыздардың өтелетіні туралы хабардар етті. |
|
|
|
Другие новости по теме:
27.06.2011 Баспасөз-конференциясы07.04.2010 Тұрғындардың баға және баға ...23.11.2010 Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың ...17.01.2011 Кәсіпкерлерге көмек14.12.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы
|
| Просмотров: 294 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|