| Ресми сайты » Главная » 11.11.2010 Шемонаиха ауданында Қоғамдық кеңестің жылжымалы отырысы өтті |
|
 |
 |
 |
| 11.11.2010 Шемонаиха ауданында Қоғамдық кеңестің жылжымалы отырысы өтті |
Үстіміздегі
жылдың 11 қарашасы күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы
Қоғамдық кеңестің жылжымалы отырысы өтті. Іс-шараға Шемонаиха ауданы
әкімінің орынбасары Колтунова Татьяна Дмитриевна, Шемонаиха аудандық
ішкі саясат бөлімінің бастығы Степанова Татьяна Сергеевна, Қоғамдық
кеңестің мүшелері, атқарушы және өкілетті биліктің, Шемонаиха
ауданындағы азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
ШҚО
әкімі жанындағы Қоғамдывқ кеңестің қызметі туралы Қоғамдық кеңестің
төрағасы Владимир Лопаткин, төрағаның орынбасары Олег Чернышов, ШҚО ішкі
саясат басқармасы саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс
бөлімінің бастығы Сәрсебаев Жасұлан баяндама жасады.
Шемонаиха
ауданының азаматтық қоғам өкілдері де өз тараптарынан билік пен
азаматтық сектор арасындағы өзара әрекеттестік жайында айтып өтті.
Ақсақалдар
кеңесі мен басқа да ұйымдар жұмысының тоқтап қалғандығына байланысты
Шемонаиха ауданының өкілдері осы сияқты құрылымның Шемонаиха қаласында
қажеттігін мойындады.
Қоғамдық
кеңестің мүшелері Шемонаиха ауданының азаматтық секторымен әртүрлі
мәселелер бойынша мұндай кездесулерді өткізіп тұру керектігі, сондай-ақ,
өңірдің өзекті мәселелерін облыстық Қоғамдық кеңес деңгейінде көтеру
қажеттігі жайында шешім қабылдады.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
14.09.2010 ШҚО әкімінің жанындағы қоға ...23.04.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы Семейде ...18.11.2008 Кеңес06.04.2010 Қоғамдық кеңестің жұмыс топ ...28.11.2008 2008 жылғы үздік насихатшы
|
| Просмотров: 240 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|