| Ресми сайты » Главная » 23.11.2010 Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың өзекті мәселелері |
|
 |
 |
 |
| 23.11.2010 Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың өзекті мәселелері |
Қалалық және аудандық қоғамдық-саяси басылымдардың жұмыстарын жетілдіру, журналистердің біліктілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 23 қарашада облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен «Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға республикалық «Айқын» және «Central Asia Monitor» газеттерінің редакторлары Нұртөре Жүсіп және Бигелді Ғабдуллин, қалалар мен аудандардағы қоғамдық-саяси басылымдардың редакторлары және ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Облыс әкімі Б.Сапарбаев соңғы уақытта журналистика саласында баспасөз-мәлімдемелері мен интернет ақпараттарын ғана жариялаудың ден алып отырғанын, өз бетімен көкейтесті мәселелерді көтерер журналистер қатарының азайғанын, осы ретте бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жетілдіру, өңір журналистерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
«Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру және облыстың ақпараттық кеңістігін дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Т.Түсіпбеков соңғы екі жылда жарнамалық және ақпараттық басылымдар санының азайғанын, сонымен қатар көңіл қуанарлық бір жайт - облыстың қалалары мен аудандарында мемлекеттік тілде жарияланытын он бір қоғамдық-саяси газеттің ашылғанын мәлімдеді.
Қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік саясатты жариялау жұмыстарына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы «Талдау және болжау институты» ЖШС директоры О.Чернышов баяндап өтті.
Сондай-ақ, «Шығыс ақпарат» КМК директоры Н.Қуантаев, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика факультетінің доценттері Л.Абдуллина мен Қ.Дүсіпова сөз сөйледі.
Семинар соңында республика жұршылығына кеңінен танымал, белгілі журналистер Нұртөре Жүсіп пен Бигелді Ғабдуллин өңірлік БАҚ редакторларына шеберлік сыныптарын өткізді.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
31.03.2010 Бас редакторлар бас қосты28.11.2008 Семинар-кеңес06.03.2009 БАҚ-тардың бас редакторлары мен құрылта ...2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...11.02.2009 Қорытынды кеңесі
|
| Просмотров: 260 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|