| Ресми сайты » Главная » 01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсыну мәселелері |
|
 |
 |
 |
| 01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсыну мәселелері |
Қарашаның бірінші жұлдызында Талдау және болжау институтында Азаматтық қоғам Альянсының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – 2011» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосудың мақсаты жыл сайын өтетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға жүргізілетін конкурс кезіндегі кейбір туындайтын мәселелерді талқылау. Жиынға үкіметтік емес ұйымдармен қоса мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер де шақырылған болатын. Өкінішке орай, бұл жиынға ішкі саясат басқармасынан басқа ешбір мекеме ат басын тіреуді жөн көрмеген сияқты.
Алғаш болып мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурсқа қатысу кезінде туындайтын мәселелер болды. Бұл жайында айтып өткен «Жастар инструкторлық орталығының» жетекшісі И. Шведунова конкурсқа қатысу үшін құжаттарды нотариалды растау, электронды кілттің қажеттігі, шартты түрде бағаға жеңілдік жасау сияқты құнды ақпарат беріп өтті. Өздерінің тәжірибесінде құжаттарды 6 рет жөндеп, өткізген жағдай болғанын да айтып өтті. Сондықтан құжаттарды конкурс ұйымдастырушы мекеме болып табылатын ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, әзірлеген дұрыс дегенді айтты. Сонымен қатар, аудандарда әлеуметтік тапсырыстарды орындауға мүмкіндіктері бар ұйымдар да бар, тек оларға жеткілікті ақпарат пен өздерінің деңгейлерінде конкурс ұйымдастырған дұрыс деген пікір білдірді.
Бірқатар үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатысу кезінде жоспарланған бағадан анағұрлым төмен баға ұсына отырып, жобаны ұтып алатындықтары жайлы да сөз болды. Ал бұл жоба бойынша оның біліктілігі мен техникалық мүмкіндігі жеткілікті ме, ешкім оған мән беріп жатпайды. Сонымен бірге кейбір жобалар ұзақ мерзімді болады, оны бір жылға бөлінген қаражат аясында жүзеге асыру мүмкін емес болғандықтан, орта жолға келгенде олар тоқтап қалады. Осыны конкурс өткізген кезде ескерген абзал деген пікірлер де айтылды.
Ішкі саясат басқармасында лоттарды құру барысында барлық үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қандай бағыттарда жұмыс істегілері келетіндіктері бойынша ұсыныстарын білдіру ұсынылған екен. Өкінішке орай, үкіметтік емес ұйымдар белсенділік танытпай, үш ай ішінде небары алты ұсыныс түскендігін ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары А. Артамасов айтып өтті. Өңірімізде үкіметтік емес ұйымдар дәстүрлі түрде қалыптасқан нашақорлық, СПИД, салауатты өмір салты, жастар саясаты, экология, патриотзим сияқты басты тақырыптар бойынша жұмыс істейді. Ендігі кезекте осы тақырыптар бойынша тың жобалар ұсынылса деген пікірін де білдірді.
Сөз алған Талдау және болжау институтының директоры О. Чернышов төмен баға ұсына отырып та, сапалы жұмыс істеуге болатындығын айтып өтті. Басты мәселе – аудандық ішкі саясат бөлімдерінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар бойынша конкурс өткізудегі енжарлықтары. Олар алдағы уақытта жұмыстарын көбейтіп, артық мәрте бастарын ауыртпау үшін бұл лоттарды жариялаудан тартынады. Бұл кедергіні жеңіп, жергілікті жерлердегі үкіметтік емес ұйымдарға жұмыс істеуге мүмкіндік беру керектігін айтып өтті. Сонымен қатар жыл сайын дәстүрлі түрде үкіметтік емес ұйымдардың басын қосатын Азаматтық форум өтеді. Форум барысында үкіметтік емес ұйымдар өздерінің ұсыныстарын айтып, алдағы жылға жоспар құрады.
Тағы сол сияқты бірқатар мәселелердің басын ашқан жиынға қатысушы қауым маңызды деген мәселелерді ескеруге алды:
1. конкурс жобалары бойынша ақпараттың аздығы немесе мүлдем жоқтығы.
2. үкіметтік емес ұйымдар тарапынан басты бағыттар бойынша тың жобалар ұсынылмай отыр.
3. ұйымдардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін өткізу қажеттігі.
4. ішкі саясат басқармасынан басқа басқармалар тарапынан ақпараттың жабықтығы.
5. атқарылған жұмыстары бойынша ҮЕҰ қоғамдық есеп берулері.
Алдағы уақытта ҮЕҰ басын қосатын Азаматтық Форум жұмысында әрбір ұйым атқарған жұмысы бойынша есеп беруі керек деген ұсыныс айтылды. Ауылды жерлерде бастама бар, ниет бар, бірақ техникалық база мен ақпарат жеткіліксіз болғандықтан, көптеген ҮЕҰ бәсекеге қабілетті емес, өздерінің ойларын жүзеге асыра алмай жатады. Сондықтан Азаматтық Альянс базасында құрылған ресурс орталығының жұмысын аудандарда дамыту керек, сол арқылы ауылдың ҮЕҰ көтеру керек деген мәселелер де қозғалып өтті.
Жиналған ҮЕҰ өкілдері өздерінің жобаларын ұсынып, оны орындауға қажетті қаражат мөлшерін, қай басқармамен жұмыс істеуге ниетті екендіктерін көрсетіп, ұсыныстарын қалдырды.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
27.07.2010 Мүддеміз ортақ26.08.2010 Үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі ...22.11.2010 Облыс орталығында үкіметтік емес ұйымдарды ...ШҚО ішкі саясат департаменті директоры Т.Т.Түсіпбековтың ...21.05.2010 Жастардың электоралды белсенділігі назарға алынып о ...
|
| Просмотров: 351 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|