www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 03.11.2010 Сарапшылар нашақорлық мәселелері жайында
03.11.2010 Сарапшылар нашақорлық мәселелері жайында
 
       Нашақорлық мәселесі бүгінгі таңда тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде толғағы жеткен мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің трансұлттық сипаты да бар. Қазақстан  есірткі тасымалдауының транзитті дәлізі болып табылады, алайда біздің елімізде де оның көп мөлшері қалып қояды. ҚР бас прокуратурасының мәліметтеріне сүйенсек, соңғы 15 жылда біздің елімізде нашақорлардың саны 10 есе артқан, оның ішінде 18 есе кәмелетке толмағандар арасында.

       Жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу мақсатында мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп отырады. Нашақорлықпен күрсетің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы да бекітіліп, жүзеге асырылуда. Қазақстан бұл саладағы БҰҰ барлық негізгі Конвенцияларын өзіне бекітіп, есірткінің заңсыз айналуымен халықаралық күрес жүйесіне белсенді араласып отыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Есірткі заттары, психотропты заттар, прекурсорлар мен  олардың заңсыз айналымына қарсы әрекет пен оларға қиянат жасау туралы» Заңы қабылданды.
Біздің облысымызда нашақорлықпен күрес бойынша 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама жұмыс істейді. Бұл бағытта билік пен азаматтық сектор белсенді жұмыс істеп отыр. Нашақорлықтың алдын алу бағытында әртүрлі іс-шаралар өткізіліп отыр.
       2010 жылдың қазан айынан бастап нашақорлық мәселелері бойынша сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылған. Бұл кездесулерде есірткіге тәуелділіктің алдын алу, емдеу және оңалту мәселелері қаралады. Біздің облысымызда арнайы емдеу және оңалту мекемелерінің жетіспеушілігі орын алып отыр. Облыстық накродиспансерде мамандар мен емделушілердің жататын орындары жетіспейді. Оңалту орталығы жоқ. Оңалту курсын өту үшін аурулар Павлодар қаласына баруға мәжбүр. Емделгеннен кейін көпшілігі қайтадан әдетті орталарына қайтып оралуда... 
       Бір отырыстың барысында сарапшылар өскелең ұрпақ арасында есірткіге тәуелділердің санын азайтудың факторы ретінде аула клубтарының, СӨС насихаттау орталығының қызметі мен ҮЕҰ әлеуметтік жобалар аясындағы жұмыстарын талқылады. Қоғамдық кеңестің төрағасы В. Лопаткин өз баяндамасында халықты кеңінен қамту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, сарапшылар Өскемен қ. ішкі саясат бөлімінің тапсырысмен түсірілген «Капкан» фильмін тамашалады.
      Қазіргі кезде жұмыс тобы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есебін талқыға салып отыр. Жұмыс топтарының жұмыс нәтижелері бойынша барлық ұсынымдар Қоғамдық кеңес отырысында айтылатын болады.

 
Другие новости по теме:

  • 01.10.2010 Нашақорлық мәселесі бойынша сарапшылардыv ...
  • 25.09.2010 ШҚО Қоғамдық кеңесі жанындағ ...
  • 14.12.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы
  • 06.03.2010 Халықаралық әйелдер күні қарса ...
  • Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатыны ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

    1
    2
    3
    4
    5
    6
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село