www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 21.10.2010 ТЕГІН КЕҢЕС КІМГЕ КЕРЕК
21.10.2010 ТЕГІН КЕҢЕС КІМГЕ КЕРЕК

       ШҚО талдаужәне болжау институтының мамандары ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жүргізілген БАҚ мониторингінің нәтижелерін  бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ұсынды. БАҚ мониторингі негізінен ШҚО ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

       Негізінен, Институт мамандары БАҚ жетекшілерін өз қызметіне сырттан қарауға мүмкіндігін ұсынған болатын. ұсынылған диаграммалардан  қай БАҚ-тың қай салада нәтижелі жұмыс істеп, қандай тақырыптарды назардан тыс қалдырып отырғаны көрініп тұрды. Мәселен, осы уақыт ішінде берілген материалдардың 76 пайызы ақпараттық сипатта екен. Бұл не деген сөз? Бұл журналистердің  өздігінен іздену жұмыстарын былай қойып тастап, іс-шара ұйымдастырушылардың жетегінде жүргенінің дәлелі. Талдау жұмыстары жетіңкіремейді, бір шараның өткізілгенін жазып, жүре бергені.


       Сөзіме дәлел ретінде, келесі сұлбаға назарларыңызды аударғым келеді. Мұнда сыбайлас жемқорлық туралы мақалалардың саны берілген. Мақалалар БАҚ алдына жоғарыдан тапсырыс берілген кезде және мемлекеттік органдарды тексеру жұмыстары жүргізілген кезге сәйкес келіпті.
 


 
       Өскінішке орай, бұл шараға БАҚ жетекшілері келген жоқ. Тек жариялау үшін тілшілер жіберілген екен. нені жазбақшы, қалай жазбақшы, онысын білмеймін. «ақпараттық» сипаттағы мақалалар қатарын көбейтетін мақала жазылатын шығар. Ал о бастағы ой бұлай емес еді ғой. Бұл отырыс БАҚ өкілдеріне жұмысын оңтайлы ұйымдастыру үшін ұсынылған болатын.
       Бірден   семинар-тренинг өткізген кездер ойыма орала кетті. Екікүндік тренингке келген тілшілер жарты сағаттан кейін жинала бастайды. «Басқа жерге барып, түсіру керек» дейді олар.
Сонымен, отырыс үстінде келген жалғыз редактордан басқа  сұрақ қоюды дұрыс  үйренбеген жас тілшілер отырып-отырып, басқа жерде өтіп жатқан келесі шараға кетті. «Сәрсенбіде іс-шаралар көп қой. Басқа күндері не істеуді білмейміз», деседі өздері. Оның үстіне, журналистер іс-шараға жоғары лауазымды  адамдар үшін баратыны да рас. Олардың басты мақсаты тыңдаушысына немесе оқырманына қажетті ақпаратты жеткізу емес пе еді деп  ойлайсың. Келе салысымен «Әкім бола ма?» деп сұрайтындарын қайтесің?
       Ата-бабаларымыз тегін ақылдың ешкімге керегі жоқ екенді туралы айтып еді ғой, шіркін. Соны есімізден шығарып алып,  тегін ұсынымдарымызбен онсыз де қолдары босамай жүрген жандарды мазаладық па деген ойда қалдым. Дегенмен, табысқа ұмтылған ұйымдар мониторинг үшін ақша төлеуші еді ғой?

 
Другие новости по теме:

  • Бөлімнің қызметі
  • 12.10.2010 Аймақтағы алкоглизм, шылым шегу және семіздік ...
  • 01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсы ...
  • 26.04.2011 Бірлесе көтерген жүк жеңіл
  • 26.08.2010 Үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село