| Ресми сайты » Главная » 12.10.2010 Аймақтағы алкоглизм, шылым шегу және семіздік мәселелері қандай деңгейде? |
|
 |
 |
 |
| 12.10.2010 Аймақтағы алкоглизм, шылым шегу және семіздік мәселелері қандай деңгейде? |
ШҚО талдау және болжау институтының
сарапшы-мамандары «Азаматтық қоғам альянсы» мекемесінің тапсырысы
бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жобасы аясында
«Созылмалы жұқпалы емес аурулардың таралу қаупі» деген тақырыпты
әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын. Нәтижелерін 12 қазан күні
жұртшылық назарына ұсынды.
Зерттеу Өскемен, Зырян, Семей қалалары мен Үржан ауданы және Серебрянскте жүргізілген екен.
Зерттеушілердің айтуына қарғанда облыс тұрғындарының басым бөлігі (58,1
пайыз) денсаулық жағдайын «Қанағаттанарлық» деп бағаласа, нашар және
өте нашар дегендердің ұзын саны 8 пайыз.
Респонденттер үшін
өмірлік маңызы бар құндылықтардың алдыңғы қатарында қызық жұмыс болса
(4,2 балл), мықты денсаулық ең соңғы орында тұр екен.
Сұралғандардың ойынша адамның денсаулық жағдайына оның өмір салты,
қоршаған ортасы, тұқым қуалау факторлары, психикалық жағдайы және
қаражатпен қамтамасыз етілу деңгейі әсер етеді екен.
Келесі
блоктарда респонденттерден адам өміріне темекі тарту, алкогольді
ішімдіктерді ішу және семіздіктің салдарынан келетін қауіп туралы
пікірлері сұралды.
Сауалнама жүргізілген аймақтардағы
тұрғындардың 17,2 пайызы темекі тартады екен. Олардың үштен бірі күніне
10-20 темекі тартады. Темекіні көп тартатындар үшін шылым шегу әдет қана
болса, күніне 1-2 темекі тартатындар одан ләззат алатын көрінеді.
Шылыммен әуестенетіндердің басым бөлігі одан бастртқысы келсе де,
тек14,1 пайызы ғана дәл қазір темекіні тастамақшы. Бірақ олардың
тастау-тастамауы екіталай, себебі, тастап көрген 17,6 пайыз шылым шегуді
қайта бастаған екен. шылым шегетіндердің айтуына қарағанда,
дәрігерлердің көмегі, кітапшалар мен мақалалар, тағы басқа ақпарат
құралдары темекіні тастауға еш көмектесе алмайды.
Сауалнама
жүргізілген аймақтарда алкоголизм мәселесі шылым шегуден де өткір тұр
екен. сұралғандардың 50 пайызы ішімдік ішетін болып шықты. Оның ішінде
ең көп ішілетін сусын сыра екен. 18-24 жас аралығындағы әрбір төртінші
адам аптасына бір рет болса да сыра ішетін болып шықты. Ал 25-29
жастағылар аптасына бірнеше рет сыра ішсе, 50-59 жастағылар сыраны
күнделікті ішуді әдетке айналдырыпты. Оның үстіне 18-24 жастағылар арақ,
коньяк сияқты спирт мөлшері көп сусындарды мерекелерде ғана ішсе, 25-29
жастағылар ондайларды аптасына бірнеше рет ішетіні анықталды.
Семіздікке келер болсақ, сұралғандардың 70 пайызы өз салмағын қалыпты
деп санайды. 7 пайызы салмағы жеткіліксіз деп ойласа, 23 пайызды
құрайтын топ салмағын мөлшерден артық деп есептейді екен. бірақ
сауалнама барысында өз салмағын қалыпты дегендердің 20 пайызының
салмағы қалыптыдан артық болып шықты.
Сұралғандардың 56,2
пайызы арықтауды ойлайды. 80 пайызы денсаулығын жақсарту үшін арықтағысы
келсе, 40 пайызы әдемірек көріну үшін арықтағысы келеді.
Респонденттердің жауаптарына қарағанда тұрғындардың басым көпшілігі
тамақтану режимі туралы ақпараттанған. Бірақ соның ішінде 12,4 пайызы
ғана дұрыс тамақтану тәртібін ұстанады. |
|
|
|
Другие новости по теме:
Өткен зерттеулер21.10.2010 ТЕГІН КЕҢЕС КІМГЕ КЕРЕК26.04.2011 Бірлесе көтерген жүк жеңіл 17.05.2010 Ұлтаралық келісім мәселелерін көтеру ке ...АНАЛИТИКАЛЫҚ МАҚАЛАЛАР
|
| Просмотров: 330 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|