25 қыркүйек күні ШҚО талдау және болжау институтында ШҚО Қоғамдық
кеңесі жанындағы нашақорлық бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Нашақорлық мәселелері бойынша сарапшылар – ШҚО наркодиспансерінің, СӨС
орталығының, ШҚО ІІД жанындағы есірткі бизнесімен күрес басқармасының
өкілдері, психологтар мен медицина мекемелерінің өкілдері қатысты.
Алғашқы боп сөз
алған ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Лопаткин В.Ф. жұмыс тобының алдағы
уақыттағы жұмысының мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді, мұндай
сарапшылар тобын құрудың маңыздылығы мен қажеттілігі жайында айтып өтті.
Алдағы атқарылатын жұмысты талқылай отырып, жиынға қатысушылар өз
ұсыныстары мен ұсынымдарын білдірді. Атап айтсақ, есірткіден өлім құшқан
адамдардың өмірі туралы бейнероликтер жасау, оңалту орталығын ашу
бойынша нақты қадамдар жасау, жалпы білім беретін мекемелерде есірткі
заттарын пайдалануға тест жүргізу бағдарламасын енгізу, нашақорлықпен
күрес бойынша қолданыстағы бағдарламаларға сараптама және талдау жүргізу
сияқты ұсыныстар жасалды.
Жиынға
қатысқандар сарапшылар тобының алдағы уақыттағы жұмысының басты
бағыттарын белгілеп алған соң, келесі отырыста бұл жұмысты алға жылжыту
бойынша нақты міндеттер қойылып, шаралар қолданылатындығын бірауыздан
қорытындылады.