| |
 |
 |
 |
| 27.10.2010 Жас Сұңқар - 2010 |

2010 жылғы 21 - 26 қыркүйек аралығында «Сұңқар»
сауықтыру кешенінде (Ақмола облысының Зеренді к.) мемлекеттік жастар
саясатын жүзеге асыру саласында жұмыс істеп жүрген мамандардың
біліктілігін арттыру бойынша «Жас Сұңқар 2010» республикалық жастар
лагері өтті.
Аталмыш шара Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі,
«Продвижение» Қоғамдық қоры және «Жастар мәжілісі» республикалық
қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы
білім және ғылым министрлігінің өкілдері, облыстық, Астана және Алматы
қалалық ішкі саясат басқармалары жастармен жұмыс жөніндегі бөлімдердің
бастықтары, облыстық және қалалық маслихат депутаттары, Қазақстан жастар
Конгресінің мүшелері, сондай-ақ облыстық жастар ұйымдарының жетекшілері
қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан жиынға барлық талқылауларға белсенді
қатысқан 5 адамнан тұратын делегация аттанды. Мәселен, Өскемен қ.
маслихатының депутаты Ғаббас Берғалиев ҚР мемлекеттік жастар саясаты
туралы Заңына өзгерістер енгізу туралы көптеген идеялар ұсынды.
Талқылауларға жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы Серік Жеңісов,
Семей қалалық маслихатының депутаты Ардақ Әділжанов, Семей қ. «Жас Отан»
жастар қанатының атқарушы хатшысы Қуаныш Қасенов және т.б. белсенді
араласты.
Лагерь жұмысының аясында келесі тақырыптар бойынша семинарлар мен тренингтер өткізілді:
1. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында жұмыс істеп
жүрген жастар ұйымдарының жетекшілері мен мемлекеттік қызметкерлердің
жеке тиімділігін арттыру;
2. Әлеуметтік жобалау. Жобаларды жүзеге асыру;
3. Азаматтық қоғам топтарымен жұмыс істеу және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бірлесіп қатысу;
4. Стратегиялық жоспарлау;
5. Мемлекеттік жастар саясатын өңірлік деңгейде жүзеге асырудың мониторинг және бағалау жүйелерін ұйымдастыру.
Лагерь аясында облыстық маслихаттар жас депуттарының бірінші Форумы өтті.
Сонымен қатар лагерьге қатысушылар мемлекеттік жастар саясатын
жүзеге асыру саласындағы тәжірибелерімен алмасып, «Мемлекеттік жастар
саясаты туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша
ұсыныстар әзірледі. |
|
|
|
Другие новости по теме:
23.12.2009 Шығыс Қазақстан облысы Жастарының ІХ фо ...11.11.2008 ІІІ Республикалық форумШығыс Қазақстан облысында 2011 жылы мемлекеттік жастар са ...28.10.2008 Жасыл ел07.08.2009 Жастар арасында жемқорлыққа қарсы м ...
|
| Просмотров: 355 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е |
|
 |
|
| |
|
|