| |
 |
 |
 |
| 30.09.2010 Интеллектуалды ұлт – табыстың ұлты |

2010 жылы 30 қыркүйек күні Д. Серікбаев атындағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде еліміздің барлық
өңірлерінен жиналған белсенді жас өкілдерінің қатысуымен «Интеллектуалды
табыс – табыстың ұлты» республикалық форумы өтті. Аталмыш іс-шараның
ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігінің жастар тәрбиесі Департаменті мен «Болашақ есірткісіз»
корпоративті қоры.
Іс-шараның басты мақсаты: жастарды интеллектуалды дамыту және
жастарды «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасының айналасына
топтастыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, азаматтық сана-сезім
қалыптастыру.
Бұл форум Астана қаласында өткен «Болашақ» бағдарламасы
стипендиаттарының форумындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаевтың бастама жасаған «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын
жүзеге асырудағы қадамдардың бірі болып табылады.
Пленарлы отырыста «Болашақ есірткісіз» корпоративті қорының
атқарушы директоры Мұқанов Еркебұлан Жалғасұлы, Д. Серікбаев атындағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің проректоры
Нәзбиев Жақсыгелді Дүсіпханұлы, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат
басқармасы бастығының міндетін атқарушы Артамасов Александр Андреевич,
Шығыс Қазақстан Аймақтық университетінің ректоры Қылышқанов Манарбек
Қалымұлы, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік
басқару Академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры
Нұрбек Саясат баяндама жасады.
Іс-шараның пленарлық бөлімінен кейін интеллектуалды даму бойынша
шеберлік кластар мен «Жастардың кәсіпкерлік және инновациялық жобаларын
әзірлеу және басқару» тақрыбында екі семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараны Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық
университеті саябақ аллеясының аумағында ағаш отырғызу және металл
капсуланы көму бойынша «Капсула» акциясы қорытындылады. Капсулада
Қазақстан – 2020 жастарының көзқарасындағы инновациялық жобалар
салынған, ол алдағы ұрпаққа арналған, оны 2020 жылы алу жоспарланып
отыр. |
|
|
|
Другие новости по теме:
07.08.2009 Жастар арасында жемқорлыққа қарсы м ...23.12.2009 Шығыс Қазақстан облысы Жастарының ІХ фо ...07.09.2010 Қазақстан және Ресей басшылары ҚР мен Р ...12.03.2008 «Ұлтаралық және конфессияаралық келісім ...Шығыс Қазақстан облысында жастар саясатының іске а ...
|
| Просмотров: 359 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е |
|
 |
|
| |
|
|