www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 17.06.2010 «Кедендік бақылау: артықшылықтары мен мәселелері»
17.06.2010 «Кедендік бақылау: артықшылықтары мен мәселелері»
 
       2010 жылы 17 маусымда ШҚО талдау және болжау институтында Риддер қаласының бейнеселекторлы қосылуымен Саяси клубтың «Кедендік бақылау: артықшылықтары мен мәселелері» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш отырыста облыс әкімінің орынбасары Е. Салимов, сонымен қатар атқарушы билік, салық, кеден комитеттерінің, шекаралық, көші-қон, консулдық қызметтердің өкілдері, бизнес, азаматтық қоғам институтының, саяси партиялардың облыстық филиалдарының, ғылыми қауымның және БАҚ өкілдері қатысты.
      Алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Е. Б. Салимов «Кедендік Одақтың мақсаттары мен міндеттері және онымен байланысты облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында ол бұл бағыттағы жұмысты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
       «Кедендік Одақ дамуының саяси аспектілері туралы» философия ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ философия кафедрасының профессоры Л. В. Столярова баяндап берді. Ол Қазақстан дамуы үшін алдағы интеграциясының қажеттігі туралы атап өтті, сонымен қатар өз баяндамасында бұл Одақ Қазақстанға экономикалық тұрғыдан алғанда жағымсыз емес, мейлінше жағымды нәтижелер беретіндігін ерекше көрсетті.
       Келесі сөз кезегін алған ҚР СІМ ШҚО Консулы С. Қ. Иманғалиев «Кедендік Одаққа қатысушы елдердің саяси, сауда-экономикалық қарым-қатынастарының даму болашағы туралы» баяндады.
       Ал ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы Ұ. Жанабаев «Кендендік бақылауды рәсімдеу мен өтудің шарттарын жақсарту туралы» айтып өтті. Ол кедендік посттардың, кедендік посттан өткен кездегі тіркеу рәсімдері, Кедендік Одаққа кірудің мәселелері мен жағымды жақтары туралы толыққанды, жан-жақты әңгімелеп берді.
       ШҚО салық департаменті бастығының орынбасары А. Е. Сейтқазин өз баяндамасында «Кедендік Одақ жағдайындағы салық нормалары туралы» айтып өтті. 
       Талқылау барысында Риддер қаласының қатысушылары тарихи құндылықтарды әкелу және шығару бойынша қосымша өзгерістерді қабылдау бойынша сұрақтар қойды.
       Отырысқа қатысушылар шағын бизнесті қолдау қажеттігі туралы, жанар-жағар май бағасының қымбаттағаны, Кедендік одаққа кіру үрдісінің қарапайым халық өміріне әсер етуі туралы бірқатар мәселелер көтерді.
       Отырысты қорытындылай келе, халыққа ақпарат жеткізудің тиімді әдістерінің бірі болып табылатын бейне-роликтер түріндегі әлеуметтік жарнамалар жасау бойынша ұсынымдар әзірленді. Сонымен қатар қатысушылар мұндай іс-шараларды қоғам және БАҚ өкілдеріне арнап Қазақстанның Кедендік Одаққа кіруіне қатысты мәселелерді түсіндіру үшін өткізуді ұсынылды.


 
Другие новости по теме:

  • 08.07.2010 Азаматтық бастама
  • 21.01.2011 «Қазақстан - 2020»
  • 15.04.2010 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ...
  • 07.12.2010 Саяси клубтың: «ЕҚЫҰ Астана саммиті: қо ...
  • 13.04.2011 Саяси клуб: қорытынды шығарылды


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село