www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 21.05.2010 Жастардың электоралды белсенділігі назарға алынып отыр
21.05.2010 Жастардың электоралды белсенділігі назарға алынып отыр
 
       2010 жылғы 21 мамыр күні Талдау және болжау институтында «Қазақстанның болашағы үшін!»  Жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Жастарға сайлау үрдісіне қатысуы үшін құқықтық ақпарат беру, белсендіру» жобасын қорытындылаған дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел отырысына БҰҰ Даму Бағдарламасының бағдарламалар үйлестірушісі Р. Қазкенов және осы ұйымның аталмыш жоба бойынша менеджері Р. Асанғазиев құрметті қонақ ретінде шақырылды, сондай-ақ осы жоба өткен аудандардың жастар ұйымдарының жетекшілері, ішкі саясат басқармасының,  ШҚО Азаматтық Альянсы, БАҚ өкілдері қатысты.
       Жоба жайлы айтып өтетін болсақ, аталмыш жобаның мақсаты құқықтық ақпараттандыру арқылы, ақпараттық-білім беру бағдарламаларын әзірлеп, енгізу арқылы сайлау үрдістеріне жастардың электоралды белсенділігін арттыру болып табылады. Жоба Шығыс Қазақстан өңірінің электоралды жастағы жастар санының ең көп шоғырланған елді мекендері болып саналатын Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Зырян және Шемонаиха аудандарында жүзеге асырылған. Жоба БҰҰ Даму Бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы және Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
       Жобаның қорытындысымен  таныстырған жобаның үйлестірушісі О. Негачева жобаны жүзеге асыру барысында 2012 жылғы өтетін сайлау туралы жастардың тек 20 пайзы ғана хабардар екендігін атап өтті. Ал жастар өздерінің бұған қатысты немқұрайлығын мемлекеттік органдардың барлығы сыбайлас жемқорлық шырмауына оралған, сайлауға қатысудың ешбір пайдасы жоқ, олар бармаса да, олар үшін басқа біреу дауыс береді деген сөздермен түсіндірген. Ал өздерінің өзекті мәселелері ретінде жастар жұмыссыздық, қылмыс пен бұзақылық, маскүнемдік пен нашақорлық, мәдени орындардың жетіспеушілігі (әсіресе ауылды жерлерде жастардың дем алыс орындары, спорт кешендерінің жоқтығы), ауыл жастарының әлеуметтік деңгейінің төмендігі, жастардың әлеуметтік қорғалу мәселелерін басты деп атап көрсеткен.
       Өзің сайлайтын кандидаттың қандай болатынын қалар едің деген сұраққа жастар бірауыздан ақылды (дана), адал, стратегиялық ойлау қабілеті бар, кәсіби деңгейі жоғары адам болуы керек деп суреттеген. Және ол міндетті түрде ер адам болуы керек екен. Осындай қасиеттерді бойына жинаған адам үшін жастар дауыс беруге әзір.
       Сол сияқты жастардың сайлауға қатысудағы белсенділігін арттырудағы мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын айтып, ШҚО ішкі саясат басқармасы жастармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бастығы С. Жүнісов, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Е. Жақыпбеков, «Алға, ДВК!» бастамашыл топ өкілі И. Какинова, т.б. белсенді жастар сөз алды.
       Ал БҰҰ Даму Бағдарламасының бағдарламалар үйлестірушісі Р. Қазкенов отырыстың қорытындысы ретінде: «Көбінесе басты назар сайлауалды іс-шараларға ғана көп аударылады. Соған қарап, жастар арасында олар тек сайлауға қатысып, дауыс берсе болғаны, басқада олардың ісі жоқ деген пікір қалыптасуы сөзсіз. Олай емес. Жастардың құқықтың мәдениеті сайлау өтетін күнмен аяқталмайды, ол сол күннен бастау алады деуге де болады. Өйткені әрбір азамат өзі қалап, сайлаған кандидаты депутаттыққа өткеннен бастап ол өзінің сайлауалды бағдарламасын, берген уәделерін орындап жатыр ма, қаншалықты орындап жатыр, соны қадағалап, оған өзінің проблемаларымен шағымданып баруға құқылы. Осы жағын да біз жастарға түсіндіріп, құқықтық ақпарат беруіміз керек», - деген пікір айтты.
       Шынымен де, жас электораттың құқықтық мәдениетін сайлау алдындағы екі-үш ай науқан уақытында бойына сіңіріп болу мүмкін емес. Оны мектеп қабырғасында жүргеннен бастап, кәмелет жасқа келгенде де одан әрі дамыта түсу керек. Сонда біздің жастарымыздың да, жалпы халқымыздың да саяси белсенділігі артады, ал ол өз кезегінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететіні сөзсіз.

 
Другие новости по теме:

  • 11.10.2010 Жаңадан бастаудың мүмкіндіктері
  • 10.09.2010 Этномәдени орталықтар жұмысына жастарды тарту ...
  • 01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсы ...
  • 05.02.2010 «Нұр Отан» ХДП ШҚ филиалының «Жас Отан»
  • 19.05.2010 Жастарды Ассамблея жұмысына қалай тартуға бол ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село