2010 жылғы 8 мамыр күні сағат 19.00 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арнап, Ертістің Сол жағасында Әскери кешеннің ашылу салтанаты өтті.
«Өмір үшін өлімнен қаймықпағандарға... 1941-1945»
Жеңіс Павильоны
Экспозиция мұрағаттардың, тарихи-өлкетану мұражайларының, облыс ардагерлері Кеңесінің, Өскемен қаласындағы № 5518 әскери бөлім мен басқалардың материалдары негізінде әзірленді. Ол 109 шығысқазақстандық - Кеңес Одағының Батырлары туралы сыр шертеді. Отбасылық мұрағаттардан алынған фотосуреттер, майданнан келген хаттар, наградалар мен марапаттау қағаздарынан жасалған көшірмелер, әскери керек-жарақ заттары сол бір Қасиетті соғысқа қатысқандардың ерлігі мен қайсарлығын паш етеді.
«Қорғаныстық тірек пункті. 1938-1960 жылдарғы үлгідегі әскери техника» (ҚР Қорғаныс министрлігі ұсынған)
Ашық алаңдағы экспозиция
Ұлы Отан соғысы кезінде кең тараған артиллериялық қарудың, оқпанды қарудың, бронетанктік техниканың әр түрлері көрсетіледі.
«Ауған қасыреті. Кеңес Одағының соңғы соғысы. 1979-1989)
Әскери павильон
Біз Ауғанстандағы соғыс туралы, оның шығу себебі және оған байланысты оқиғалар тізбегі жайында көп білеміз бе? Кеңестік Отан шептерін қорғаған, сонымен қатар өз еліндегі феодализм сарқыншақтарына, ұлтаралық араздық пен діни экстремизмге қарсы күреске таяуда ғана шыққан достас ауған халқының демократиялық өзгерістерге байланысты құқын қорғаған жерлес батырларымыз туралы ше?
Келермен осы және басқа да көптеген сауалдарға жауапты көрмемемен танысқаннан кейін алады, ол ауғандық-жауынгерлердің бастамасы бойынша, «Ауғанстандағы соғыс аудагерлерінің Өскемендегі ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жетекшілері Сергей Александрович Денякин мен Олег Геннадьевич Фроловтың белсенді қатысуымен ұйымдастырылған.
«Ерлік мектебі: Шығыс Қазақстан облысының чернобыльші-жоюшылары. 1986-2010»
Әскери павильон
Чернобыль апатының ауқымы туралы хабарлар бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Экспозициядағы репортаждық фотосуреттер жарылыс салдары, өрт сөндіру, апат зардабын жою және құрылыс жұмыстарының барысы, соның қатарында зәулім Саркофагты тұрғызу кезеңдері туралы сыр шертеді. Е.П.Славскийдің басшылығымен жүргізілген апат зардаптарын жою ісіне Шығыс Қазақстан облысынан 3000-нан астам жоюшылар қатысты. Олар радиоактивті элементтердің планета бойынша одан әрі тарауын тоқтату жолында қажырлылық танытты.
Облыстың чернобыльші-жоюшыларының мұражай-қорыққа сыйлаған фотосуреттері, құжаттары, бұйымдары мен жеке заттары экспозицияға енді. Көрме Жер планетасының экологиясына ұқыптылықпен қарауға шақырады.
«Отты жылдар естелігі...»
Ұлы Отан соғысының ардагері Л.П.Семин картиналарының көрмесі.
Экспозиция 2010 жылғы мамыр-қазан айларында жұмыс істейді.
Тапсырыстар қабылданатын телефондар: 26-82-97, 26-85-29