www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 05.05.2010 Хабарландыру!
05.05.2010 Хабарландыру!
Жемқорлықпен күрес бойынша іс-шараларды ең үздік жариялау
және жан-жақты ашу бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында
өтетін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының
ашық байқауы туралы
ЕРЕЖЕ

1.    Жалпы ережелер

1. Жемқорлықпен күрес бойынша іс-шараларды жан-жақты ашып, ең үздік жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында өтетін            «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының (бұдан әрі – партия) байқауы (бұдан әрі - байқау) тағайындалған және журналистердің осы бағыттағы партия қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі - БАҚ) жемқорлық тақырыптарын обьективті жариялауға тарту мақсатында өткізіледі.
2. Байқаудың міндеті – жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы ең үздік және мазмұнды журналистік материалдарды айқындау.
3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) ұйымдастыру комитеті – Партия орталық аппаратының жауапты қызметкерлері қатарынан құрылған байқау ұйымдастырушылары, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар өкілдері;
2) Қазылар алқасы – бағалау комиссиясы, құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, осы саладағы мамандар, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен аналитиктер кіреді;
3) жеке тұлға - қандай да бір БАҚ қызметкері болып табылатын журналист (журналистер тобы);
4) заңды тұлға – республикалық және жергілікті  маңызы бар БАҚ (баспасөз, электрондық, радио);
5) үміткер – байқауға қатысу үшін материал жолдаған заңды немесе жеке тұлға;
6) қатысушы – ұйымдастыру комитетінде байқауға қатысу туралы өтініші қабылданған жеке және заңды тұлға;
7) жеңімпаз – Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша байқаудың белгіленген номинацияларының бірі бойынша бас жүлдеге ие болған жеке немесе заңды тұлға;
8) байқау лауреаты – Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша байқаудың белгіленген номинацияларының бірі бойынша ынталандыру жүлдесіне ие болған жеке немесе заңды тұлға;
партиялық медиа-ресурстар – партияның баспасөз немесе электрондық ресурстары: «Нұр-Медиа» ақпараттық холдингі, партия сайты: www.ndp-nurotan.kz;
ақпараттық серіктестер – республикалық және аймақтық деңгейдегі баспасөз, телевизиялық және радио-БАҚ: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Экспресс-К», «Альянс.KZ», аймақтық газеттер, «Хабар», «Қазақстан», «Астана», КТК, «НТК», «Рахат», «31-арна», аймақтық телевизия және радио.
4.    Байқаудың негізгі принциптері: ашықтық, тең құқылық, объективтілік.
5. Байқауды өткізуді үйлестіру жұмысы құрамы партия Төрағасының Бірінші орынбасарының қаулысымен бекітілетін байқаудың ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
6. Байқаудың өтуі және оған қатысу шарттары туралы БАҚ-та хабарландыру жарияланады. 
7. Осы Ереже байқауға қатысуға үміттеніп, қызығушылық танытқан барлық тұлғаларға танысу үшін ұсынылады. Ереже партиялық медиа-ресурстарда, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
 
2.    Байқауға қатысу шарттары

8. Байқауға қатысуға осы Ережеде белгіленген тақырыптар бойынша материалдар жариялаған немесе эфирге шығарған жеке және заңды тұлғалар шақырылады.
9. Байқауға келесілер ұсынылуы тиіс:
1) Қазақстандағы жемқорлық мәселесіне қатысы бар мақалалардың төлнұсқасы түріндегі баспасөз жұмыстары;
2) VHS форматында телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде эфирлік анықтамамен бірге берілген дыбыстық-визуалды  жұмыстар;
3) Интернет журналистері жарияланған мақаласының  көшірмесін HTML форматында электрондық пошта арқылы, флеш-картада немесе CD-дискіде интернет-сайтта жарияланғандығын растап, жолдауы тиіс. 
Материалдар мемлекеттік және қазақ тілдерінде қабылданады.
10. Байқауға ағымдағы жылы жарияланған жұмыстар келесі санда қабылданады:
жеке тұлғадан - 1-2 материал (электрондық БАҚ-та жарияланған материалдар үшін – эфирлік анықтамамен бірге);
заңды тұлғадан - тақырыптық айдармен біріктірілген 3 материал (электрондық БАҚ үшін – эфирлік анықтамамен бірге).
Жұмыстар «Байқауға» деген белгімен жолданады.
11. Байқауға ұсынылған материалдарға (баспасөз, дыбыстық-визуалдық)  түйіндеме қоса беріледі, онда мыналар көрсетілуі тиіс: автордың аты-жөні, үйінің мекен-жайы, телефон нөмірі (үй, жұмыс, мобильді), жұмыс орны, e-mail, жариялау күні (үміткер көрсетілген мерзімде жарияланған жұмыстың авторы болып табылатындығы берілген материалда нақты көрсетіледі немесе редактор жазбаша растаған хатты қоса беріледі).
12. Осы талаптарға сай келмейтін материалдар және ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар, сондай-ақ бұған дейінгі жария жұмыстарды қайталайтын материалдар байқауға жіберілмейді.
Байқауға жолданған материалдар қайтарылмайды, авторларға рецензиялар берілмейді.
3.    Байқау өткізуді ұйымдастыру

13.  Байқау екі кезеңде өтеді:
1-кезең  2010 жылғы 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейін өткізіледі. Қатысушылар өз жұмыстарын партияның облыстық, Алматы, Астана қалалық филиалдарына ұсынады.  Партияның аймақтық филиалдары ең үздік үш жұмысты іріктеп, Партия орталық аппаратына ұйымдастыру комитетінің адресіне жолдайды;
2-кезең – ұйымдастыру комитеті 2010 жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейінгі кезеңде ұсынылған жұмыстардың  байқау шарттарына сәйкестігіне талдау жүргізеді және байқаудың Қазылар алқасына ұсыну үшін әр байқау жұмысы бойынша талдау ақпаратын дайындайды.
14. Жұмыстар байқаудың ұйымдастыру комитетіне осы ережеде көрсетілген тәртіпте және мерзімде ұсынылады. Байқауға қатысу туралы өтініштерді қараудың регламентін Қазылар алқасы белгілейді. Өз жұмысының қорытындысы бойынша Қазылар алқасы  – байқау жеңімпаздары мен лауреаттарын айқындайды.

4.    Байқау материалдарына баға беру және іріктеу процедурасы

15. Байқауға ұсынылған материалдар келесі критерийлер бойынша бағаланады:
1) белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;
2) жаңашылдығы;
3) талдаудың тереңдігі мен мәселені ашып жазудың дәлдігі;
4) нақтылық және логикалық негізділігі;
5) стилі, мазмұндау тілі, техникалық сапасы;
6) авторлық өзіндік тұжырымдама;
7) жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы;
8) жарияланымның әсерлігі, жемқорлықтың жарияланған фактілері бойынша тиісті органдардың қолданған шараларының деңгейі;
9) журналистік этика принциптеріне сәйкестігі;
10) сыртқы безендірілуі.
5.    Ұйымдастыру комитетінің құқықтары,
міндеттері мен жауапкершілігі

16.     Ұйымдастыру комитетінің құқықтары:
1) ұсынылған жұмыстар осы Ереже талаптарына сәйкес болмаған жағдайда үміткерді байқауға қатыстырудан бас тарту;
2) қазылар алқасының мүшелері немесе аймақтық филиалдар өз өкілеттіктерін пайдалана отырып, қандай да бір үміткерге қатысты қиянатшылдық жасағандығы айқындалса, байқаудың сол кезеңдегі нәтижелерін жоққа шығару.
17. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
1) барлық қатысушылар үшін тең жағдайлар жасау;
2) байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
3) белгіленген мерзімге дейін нәтижелер туралы мәліметтердің жария етілуіне жол бермеу;
4) қорытындылау үшін байқау материалдарын Қазылар алқасына уақытылы ұсыну;
5) жеңімпаздар мен лауреаттардың назарына байқаудың қорытындысын жеткізуді қамтамасыз ету.
18. Ұйымдастыру комитеті осы Ережені, байқауға дайындық және өткізу ережелері мен процедураларын бұзғаны үшін жауап береді.

6.    Байқау Қазылар алқасының құқықтары,
міндеттері мен жауапкершілігі

19. Қазылар алқасының құқықтары:
1) байқауға түскен материалдарға баға беру;
2) байқауды қорытындылап, байқау жеңімпаздары мен лауреаттарына белгіленген смета шегінде ақшалай сыйлықтар тағайындау.
20.     Қазылар алқасының міндеттері:
1) қатысушылардың барлығы үшін тең жағдайлар жасау;
2) белгіленген мерзімге дейін нәтижелер туралы мәліметтердің жария етілуіне жол бермеу.
21. Байқауға қатысушы адам Қазылар алқасының мүшесі бола алмайды;
22. Қазылар алқасы осы Ережені, байқауға дайындалу және өткізу ережелері мен процедураларын бұзғаны үшін жауап береді.

7.    Байқауға қатысушылардың құқықтары,
міндеттері мен жауапкершілігі

23.     Байқауға қатысушылардың құқықтары:
1) байқаудың шарттары және өту тәртібі туралы ақпараттар алу;
2) осы Ереженің тармақтарын түсіндіруді өтініп, ұйымдастыру комитетіне және партияның аймақтық филиалдарына бару;
3) байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.
24.  Қатысушылардың міндеттері:
1) байқаудың мән-жайымен алдын ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптармен танысып, зерделеу;
2) осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген материалдарды дер кезінде ұсыну;
3) осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
25. Қатысушылар мыналар үшін жауап береді:
1) осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін;
2) материалдарда, түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін.

8.    Жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау

26. Байқау жеңімпаздары мен лауреаттарын жариялау байқауды жалпы қорытындылау аясында өтеді. Онда ең үздік жұмыстар айқындалып, төрт номинация бойынша сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші орындар беріледі:
-    бұқаралық ақпарат баспасөз құралдарындағы ең үздік жарияланым,
-    ең үздік радиорепортаж/радиобағдарлама,
-    ең үздік бейнесюжет/телевизиялық бағдарлама,
-    ең үздік журналистік тергеу.
27. Бекітілген сметаға сәйкес жеңімпаздар мен лауреаттарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар беріледі. Сыйлықтар әр төрт номинация бойынша белгіленеді. Олардың көлемі партия Төрағасы Бірінші орынбасарының қаулысымен белгіленеді. Сыйлықты авторлар ұжымына тағайындау барысында сыйлықтың ақшалай бөлігі ұжым мүшелері арасында тең бөлінеді.
Байқау аясында тақырыптың ерекшелігі назарға алына отырып, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (келісімі бойынша) байқауға қосымша ұйымдастырушы ретінде қатысады және өзінің қарауы бойынша жеке сыйлық тағайындайды.
28. Сыйлықтар мен дипломдарды беру Партия орталық аппаратында салтанатты түрде өткізіледі.

9.    Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты: Астана қаласы,   Д. Қонаев  көшесі, 12/1, тел. 70 76 33,
сайт www.ndp-nurotan.kz

 
Другие новости по теме:

  • «Жастар-2011» республикалық жастар сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ
  • 22.04.2010 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!
  • 15.02.2010 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС!
  • 20.10.2010 «Жаңа мыңжылдықтағы Қазақст ...
  • 05.11.2009 Назар аударыңыз конкурс!


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село