| |
 |
 |
 |
| 22.04.2010 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС! |
Ішкі саясат басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
«Журналистиканы дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін»
атты жылсайынғы сыйлығына конкурс жариялайды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Журналистиканы дамытуға қосқан айрықша
үлесі үшін» сыйлығы туралы Ережеге сәйкес, 2010 жылғы мамырдың 1-нен 31
дейінгі аралықта конкурсқа материалдар қабылданады.
Сыйлықтан үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1. 2009 жылғы 1 маусымнан 2010 жылғы 31 мамырға дейінгі аралықта жарық көрген (эфирге шыққан) материалдарын.
2.
Басылым журналистері есімі, әкесінің есімі, тегі, БАҚ атауы, нөмірі
және уақыты көрсетілген материалдарының көшірмелерін папкаға тігіп
ұсынады. Сондай-ақ ұсынылған жарияланымдарының тізімін қоса тапсыру
қажет.
3.
Тележурналистер бейнематериалдарын VHS, DVD форматтарында,
қатысушының аты жөнін көрсетіп ұсынады. Сондай-ақ, атауы, ұзақтығы,
қысқаша мазмұны, эфирге шыққан уақыты, телеарнасы көрсетілген бейне
материалдар тізбесі қосымша тапсырылады.
4.
Барлық үміткерлер міндетті түрде өмірбаянын, жеке бас куәлігінің және
салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін, егер оны БАҚ редакциясы
ұсынған болса редакция тарапынан жасалған ұсынысты, мінездемені
тапсырады.
5. Материалдар облыстық Ішкі саясат басқармасына тапсырылады.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40, № 238 бөлме. Анықтама телефоны 8 (7232) 26-47-07.
Өңір журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жылсайынғы сыйлықтары туралы
ЕРЕЖЕ
1. Облыс әкімінің
сыйлықтары өңір журналистикасының дамуына, облыста жүргізіліп жатқан
әлеуметтік-экономикалық реформаларды жариялауға, ішкі саяси тұрақтылық
және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.
2. Облыс әкімінің сыйлықтары жыл сайын Қазақстанның радио, телеарна, баспасөз күні қарсаңында тапсырылады.
3. Сыйлықтар 10 номинация бойынша тапсырылады.
Ортақ номинациялар
1) Индустриалдық даму – жаңа мүмкіндіктер
2) Мәдениаралық қарым-қатынас – Қазақстанның таңдауы
3) Азаматтық қоғамды қалыптастыру – гендерлік аспект
4) Қоғамдағы тұрақтылық факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру)
5) Кері байланыс (үлкен қоғамдық резонанс берген өзекті мәселелрді жариялау)
6) Авторлық жоба
Телеоператорлар және фотокорреспонденттерге арналған номинация
7) «Обьективте Өмір»
Қалалық және аудандық БАҚ-тарға арналған номинация
8) Адам – еліміздің басты байлығы
9) Туған жер – алтын бесігім
Жас журналистерге арналған номинация
10) Дебют
Нақтылы номинация жүлдесіне лайықты талапкер анықталмаған
жағдайда, комиссия осы номинацияға белгіленген қаржыны басқа
номинацияларға немесе көтермелеу сыйлықтарға жұмсауға құқылы.
4.
Облыс әкімі марапаттауынан үміткерлердің кандидатуралары бұқаралық
ақпарат құралдарының редакциялары арқылы ұсынылады немесе үміткерлердің
өзін өзі ұсыну арқылы қабылданады. Конкурстық құжаттар (ұсыныстар,
өмірбаяны, мінездемелер, шығармашылық материалдары) жыл сайын 1
маусымға дейін Ішкі саясат басқармасына тапсырылады.
5. Соңғы 3 жыл ішінде облыс әкімі жүлдесінің иегерлері болған тілшілер жұмыстары қарастырылмайды.
6. Бір үміткер екі не одан көп номинацияға ұсынылмайды.
7. Жарысқа тұрақты негізде жұмыс істейтін 21-63 жас аралығындағы тілшілер қатыса алады.
8. Сыйлықтармен марапаттау туралы шешім, комиссия құрамының 2/3 кем
емес мүшелері қатысқан мәжілісінде көпшілік дауыспен қабылданады.
Комиссия мүшелері облыс әкіміне Шығыс Қазақстан облысының грамоталарымен марапаттауға ұсыныстар жасайды.
9. Сыйлықтармен марапаттауға ұсынудың негізгі шарттары:
1) ішкі саяси тұрақтылықты бекітуге, қазақстандық патриотизмге, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуге қосқан үлесі;
2) облыста жүргізіліп жатқан қайта өзгертулерге ақпараттық қолдау жасағандығы;
3) жаңашылдық, кәсіби әлеуетін көрсетуі;
4) дәстүрлі тақырыптарды креативті жариялау;
10. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді.
11. Сыйлықтардың көлемі облыс әкімімен белгіленеді.
12. Сыйлықтарды Шығыс Қазақстан облысының әкімі тапсырады. Сыйлық
«Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты» дипломымен қоса
беріледі. Тапсыру рәсімін ішкі саясат басқармасы әзірлейді.
13. Номинанттардың тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. |
|
|
|
Другие новости по теме:
05.11.2009 Назар аударыңыз конкурс!15.02.2010 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС!Назар аударыңыз конкурс!29.10.2010 Назар аударыңыз конкурс!«Жастар-2011» республикалық жастар сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ
|
| Просмотров: 367 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е |
|
 |
|
| |
|
|