www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 19.05.2010 Жастарды Ассамблея жұмысына қалай тартуға болады?
19.05.2010 Жастарды Ассамблея жұмысына қалай тартуға болады?
       8 сәуірде ШҚО талдау және болжау институтында «Ұлтаралық келісім саласындағы жастар бастамаларын дамыту» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Оны «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігі өзінің «Жастарды Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының патриоттық сана-сезім мен  толеранттық мінез-құлықты қалыптастыру жұмыстарына тарту» жобасының аясында өткізілген болатын. Ол жобаға қолдау көрсетіп отырған ШҚО ішкі саясат басқармасы екен. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени орталықтар, жастар ұйымдары, БАҚ  пен мемлекеттік органдар өкілдері бас қосып, отырыста жастардың Ассамблея жұмысына белсене араласу мәселелерін сөз етті. Мәселенің өзектілігімен келіскен қатысушылар бірден жастарды Ассамблеяның жұмысына тартуға қатысты ұсынымдарын білдірді, ал  «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының тарапынан Ассамблея жанындағы «Ынтымақ-Содружество» жастар қанатына бірлесе атқаруға бағытталған іс-шаралар тізімін ұсынды.

 
«Ұлтаралық келісім саласындағы жастар бастамаларын дамыту» дөңгелек үстелінің ҰСЫНЫМДАРЫ

       
«Ұлтаралық келісім саласындағы жастар бастамаларын дамыту» дөңгелек үстелінің қатысушылары Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының патриоттық сана-сезім мен толеранттық мінез-құлықты қалыптастыруға қатысты жұмысына жастардың қатысуы мәселелерін талқылай келе, жастардың шығармашылық әлеуетін белсендірудің, патриоттық сана-сезімді қалыптастыру идеяларын алға жылжытудағы жастардың бастамаларын, Қазақстан аумағында тұратын түрлі этностарға деген төзімділік қарым-қатынасын дамытудың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, бизнес-құрылымдар мен БАҚ-тың  жастардың қоғам мен мемлекеттегі  тұрақтылықты нығайту мақсатындағы   әлеуметтік бастамалардағы ролін арттыруға назар аударудың маңыздылығын ескере отырып

       ҰСЫНАДЫ:

1.    ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясына жұмысқа этномәдени орталықтардың тәжірибелі мүшелерін   тарта отырып,  жастармен жұмысты белсендіру.  Ассамблеяның жастар қанатының мәртебесін өсіруге атсалысу, оның жұмысына жұмысшы жастарды тарту.
2.    ШҚО ХДА жанындағы «Ынтымақ – Содружество» жастар қоғамдық бірлестігіне жастар ұйымдарымен, оның ішінде «Жас Отан» жастар қанатымен  бірлесе жұмыс жасау. Аталған жоба аясында белсене әрекет ету.
3.    «Жас Отан» жастар қанатына  ШҚО ХДА жанындағы «Ынтымақ – Содружество» жастар ҚБ қолдау көрсету, іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуге белсенді түрде жұмылдыру. 
4.    БАҚ-қа қызметі ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған жастар ұйымдарына ақпараттық қолдау көрсету.
5.    Тұрғындармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар азаматтық қоғам институттарына, мемлекеттік құрылымдарға, бизнес-құрылымдарға жастардың достық, бейбітшілік және келісімді нығайтуға бағытталған бастамаларына қолдау көрсету.
6.    Жастар ұйымдарына әріптестік пен алдағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін ортақ миссияны анықтап алу, алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін ресурстарды тарту. 
7.    Этномәдени бірлестіктерге ШҚО басқа қалалары мен аудандарындағы этномәдени ұйымдардың өкілдерімен он-лайн конференциялар өткізу.

СКАЧАТЬ ПОЛОЖЕНИЕ О КОНКУРСЕ СТАТЕЙ: polozhenie-stati-kaz.zip [11.51 Kb] (cкачиваний: 7)

СКАЧАТЬ ПОЛОЖЕНИЕ О ФОТОКОНКУРСЕ: polozhenie-foto-kaz.zip [10.86 Kb] (cкачиваний: 1)

 
Другие новости по теме:

  • 10.09.2010 Этномәдени орталықтар жұмысына жастарды тарту ...
  • 23.12.2009 Шығыс Қазақстан облысы Жастарының ІХ фо ...
  • 30.04.2009 Этномәдени бірлестіктердің республикалық конф ...
  • 21.05.2010 Жастардың электоралды белсенділігі назарға алынып о ...
  • 2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

    1
    2
    3
    4
    5
    6
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село