2010 жылдың 6 сәуірінде ШҚО талдау және болжау институтында облыс әкіміні жанындағы Қоғамдық кеңестің С.Маусымбаева бастаған энергетика мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы болды.
Отырысқа жұмыс тобының құрамына кірген мемлекеттік органдар өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Қатысушылар аймақтағы тарифтің қалыптасу мәселелерін, электр қуатының бағасы өсуі жөніндегі сұрақтарды талқылады. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің келесі отырысына дейін өз жұмысын жалғастырып, нәтижелерін отырыста ұсынбақшы.