www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Бақтиярова Ә.К.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 06.03.2010 Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстанда әйелдер форумы болып өтті
06.03.2010 Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстанда әйелдер форумы болып өтті
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстанда әйелдер форумы болып өтті

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстанның облыс орталығында «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауы аясындағы еліміздің 10 жылдық дамуы бағдарламасын жүзеге асырудағы әйелдердің үлесі» атты форум болып өтті. Оның жұмысына 100-ден шығысқазақстандық белсенді әйелдер қатысты.

Өткізілген шараның негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстанның әйелдер қауымының ел дамуындағы биік шыңдарға жету жолында бірлесуі. 
Форум барысында қоғамдық, кәсіби және саяси өмірдің барлық салаларындағы әйелдердің орны, олардың мемлекеттің 10 жылдық бағдарламасын жүзеге асырудағы және өңірдің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешудегі рөлі талқыланды.
Қай салада жұмыс істемесін нәзік жандылар еңбекқорлық, жинақылық, ұйымдасқандық және жауапкершілік үлгісін көрсетеді.

Біздің облыс тұрғындарының 50%-ы әйелдер. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында орта және ірі кәсіпорындарда, денсаулық сақтау, білім беру, ұйымдарында, басқару органдарындағы, қоғамдық, банк, сақтандыру салаларындағы әйелдердің саны 142,7 мың адамды құрады. Бұл жалдамалы жұмысшылардың 48,3%.
Әйелдердің медицина және әлеуметтік қызмет көрсетудегі үлесі 84,3%, білім беруде 74,6 %. Бүгінгі күні қонақ үй-мейрамхана бизнесінде нәзік жандылардың саны басым – олар 84,3%, қаржылық іс-қызметте – 73,5%. Өнеркәсіп саласындағы біздің әйелдердің үлесі 29,5%. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық саладағылардың 31,8%-ы тағы әйелдер. Облыстық мәслихатта 4 депутат, ал қалалық және аудандық мәслихаттарда 41 депутат әйел.
Форум қорытындысы бойынша үндеу қабылданды.

Форуммен қатар облыстың қалалары мен аудандарынан келген әйелдер Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Олар «Аруларға гүл сыйлаңдар» атты мерекелік бағдарламаны тамашалады. Жиналған қауымды көктемнің шуақты мерекесімен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады. Ол Шығыс Қазақстанның көп балалы аналарына «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын тапсырды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Әйелдер Форумына қатысушылардың ҮНДЕУІ

Біз, Шығыс Қазақстан облысының әйелдері:

   1. Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытудағы және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудағы стратегиялық маңызын ескеріп;
   2. әйелдердің қоғам өмірінің барлық саласындағы жетекші рөлін құптай келе,
      Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыруға белсене атсалысуға әзір екендігімізді мәлімдейміз.

Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындарын:

   1. еліміздің дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыла күш салуға;
   2. барлық атқарар істерімізде «адам - еліміздің басты байлығы», «ерлер мен әйелдер мүмкіндіктерінің теңдігі» қағидатын басшылыққа алуға;
   3. «өңірлердің дамуы еліміздің дамуы» болып табылатындықтан, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын іске асыру жолында барлық күш-жігерімізбен еңбек етуге;
   4. салауатты өмір салтын қалыптастыру, ана мен баланы қорғау, отбасы институтын нығайтуға шынайы мән беруге;
   5. мәдени салт-дәстүрлеріміз бен руханиятымызды қайта жаңғырту, адамгершілік құндылықтарды насихаттау жұмыстарын жалғастыруға;
   6. қоғамдағы әлеуметтік қауіптер – маскүнемдікке, нашақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа, діни экстремизм мен терроризмге белсенді түрде қарсы тұруға;
   7. - қоғамдағы тұрақтылыққа және азаматтардың әл-ауқатына  кері әсерін тигізетін дағдарыстық және проблемалық жағдайлардың алдын-алуға;
   8. - ұлтаралық және дінаралық келісімді және қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтап, нығайтуға шақырамыз.

 
Другие новости по теме:

  • 20.08.2009 Шығыс Қазақстан облысының үкіметт ...
  • 09.01.2009 «Нұр Отан» ХДП Өңірлік Форумы
  • 2009 жылдың екінші тоқсанындағы қоғамдық ...
  • 2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...
  • 2009 жылдың үшінші тоқсанындағы қоғамды ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

    1
    2
    3
    4
    5
    6
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    Ұлы Жеңіске 65 жыл
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село