| |
 |
 |
 |
| 15.02.2010 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС! |
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі облыс эмблемасын жасауға конкурс
жариялайды. Жеңімпазға 100 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі.
Конкурстық жұмыстар жазбаша және электронды түрде 1
наурызды қоса алғандағы мерзімге дейін келесі мекенжайда қабылданады:
Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40, 238 бөлме, анықтама телефоны:
8(7232) 26-47-07.
Шығыс Қазақстан облысының эмблемасын
дайындау жайындағы конкурс туралы
ЕРЕЖЕ
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Шығыс Қазақстан облысының эмблемасын дайындау конкурсы бір рет қана өткізіледі.
1.2. Конкурсты ұйымдастыру арнайы құрылған конкурстық комиссияға жүктеледі.
1.3. Конкурстың мақсаты: Шығыс Қазақстанның тарихи, экономикалық, мәдени және табиғат ерекшеліктерін көрсететін Шығыс Қазақстан облысының ресми эмблемасын жасау.
1.4. Бірінші орын алған жұмыс жеңімпаз болып танылады және Шығыс Қазақстан облысының эмблемасы болып бекітіледі. Конкурс жеңімпазына 100000 мың теңге сыйлық беріледі.
1.5. Шығыс Қазақстан облысының әкімі конкурстық комиссияның ұсынысы негізінде сыйлық беру туралы шешім қабылдайды.
II. КОНКУРСТЫҢ ШАРТТАРЫ
2.1.Конкурсқа суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, басқа да санаттағы азаматтар, шығармашыл топтар қатыса алады.
2.2. Ерекше шарттар:
2.2.1.Жұмыстар А-4 форматындағы (210 х 297 мм) парақта ұсынылады, суреттің үлкен жағынан өлшемі 150 мм-ден аспауы керек.
2.2.2.Эмблема түрлі түсті және монохромды түрде ұсынылуы және масштабы 15 мм-ден 1,5 метр аралығында болуы тиіс.
2.2.3.Эмблема кескінімен бірге сипаттамасы міндетті түрде қоса ұсынылуы қажет.
2.3.Конкурсқа бұрын пайдаланылмаған және жарияланбаған материалдар жіберіледі.
2.4.Конкурстык материалдар комиссияға папкаға тігіліп тапсырылады.
Материалдарға қосымша шығармашылық конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат (аты-жөні, тегі, туған жылы, индексі көрсетілген пошталық мекенжайы, телефоны), сондай-ақ конкурсқа қатысушының, егер ол жеңімпаз болып танылған жағдайда, 7 күн ішінде өзінің Шығыс Қазақстан облысының эмблемасына қатысты ерекше құқығын «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16, 30-33 баптарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратына түрлі тәсілдермен пайдалануға қайтарымсыз беретіндігі туралы авторлық шарт жасауға келісетіндігі туралы міндеттемесі қоса ұсынылады.
III. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ
3.1. Конкурс бір тур түрінде өткізіледі.
Конкурстық жұмыстар мына мекенжайда қабылданады: Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40 үй, 238 бөлме, анықтама телефоны 8 (7232) 26-47-07.
IV. КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ
4.1.Конкурстық комиссиясының құрамын Шығыс Қазақстан облысының әкімі бекітеді.
4.2. Конкурстық комиссия конкурстық жұмыстарды іріктейді және конкурс қорытындысын шығарады.
4.3. Конкурстық комиссия өз жұмысын 2010 жылғы 1 наурызда бастап, 3 наурыз күні аяқтайды.
4.4. Конкурстық комиссияның мүшелері эмблеманы жасауға автор ретінде қатыса алмайды.
V. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
5.1. Конкурстык комиссия конкурсқа қатысушылардың санынан тәуелсіз конкурсқа ұсынылған жұмыстардың арасынан тек біреуін ғана таңдап алады.
5.2. Сыйлық беру туралы шешім конкурстық комиссия құрамының 50% кем емес, көпшілік дауысы арқылы қабылданады.
Дауыстар тең бөлінген жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
5.3. Жюри ұсынылған жұмыстардың бірде біреуі Шығыс Қазақстан облысының ресми эмблемасы деп атауға лайықсыз деп тануға және сыйлықты бермеуге құқылы.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
22.04.2010 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!05.11.2009 Назар аударыңыз конкурс!Басқарма басшылығы21.05.2010 Жол картасы қалай жүзеге асырылуда?Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқ ...
|
| Просмотров: 140 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е |
|
 |
|
| |
|
|