2009 жылдың 28 қазанында облыстық әкімдікте «Шығыс Қазақстан
облысындағы саяси – қоғамдық жағдайы» тақырыбына әлеуметтік
зерттеуінің тұсау кесері болған Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Талдау
және болжау институтының зерттеу нәтижелері IRI халықаралық зерттеу
институтының зерттеуімен саластырыла қарастырылды.
Мәселен, халықаралық зерттеу құрылымы ерекше өзекті мәселелер ішінде
жұмыссыздықты көрсетеді – 28 % және бағалардың өсуі – 26 %. Дегенмен,
Талдау және болжау институты Шығыс Қазақстан облысында экология –
20,1%, сыбайлас жемқорлық – 34,4%, медициналық қызмет көрсетудің төмен
сапасы – 31,9% сияқты мәселелердің өзектілігін атап көрсетеді.
Қатысушалар келесі отырыстарда тоқсан сайын жүргізілетін зерртеулердің
нәтижелері бойынша өзекті болып табылатын мәселелерді қарастыру жөнінде
шешім қабылдады.