| Ресми сайты » Главная » 21.10.2009 Діни конфессиялар көшбасшыларының Шығыс Қазақстан облысы дінге сенушілеріне ҮНДЕУІ |
|
 |
 |
 |
| 21.10.2009 Діни конфессиялар көшбасшыларының Шығыс Қазақстан облысы дінге сенушілеріне ҮНДЕУІ |
Біз, Шығыс Қазақстан облысындағы діни конфессиялар көшбасшылары:
- әртүрлі мәдениеттер,
діндер, этникалық топтар арасындағы өзара түсінісушілікті нығайтуға
үлес қосу үшін және ұлттық, діни негіздегі шиеленістерді болдырмауға
ұмтыла отырып;
- адам және қоғам
өміріндегі негізгі аспект ретінде діннің жасампаздық пен бейбітшілікті
сақтауда жаңа сапаға көшкендігін ескере отырып;
- діни көшбасшылардың
қазіргі және болашақ ұрпақты рухани тәрбиелеудегі және ұрпақтар
сабақтастығындағы жоғары жауапкершілігін, өзара сыйластық, түсіністік
және қазіргі заман талаптары алдында басқаларды қабылдау рухын
қалыптастырудағы олардың маңызды ролін түсіне отырып;
- әрбір дін мен
мәдениеттің ғажап сипатын мақұлдай отырып, мәдени және діни
жан-жақтылықты адам қоғамындағы маңызды тетік ретінде қарастыра келе;
- әлемдегі діни және
ұлттық айырмашылықты саудаға салудан туындаған және күш көрсетуді
жақтауға пайдаланылатын дінаралық және ұлтаралық шиеленістердің өсуіне
алаңдаушылық білдіре отырып;
- экстремизм мен фанатизмнің дін туралы шынайы түсінікке еш қатысы жоқ екендігін баса айта отырып;
- Қазақстан
Республикасы заңнамаларының этноаралық және конфессияаралық келісімді
әрі қара й нығайту механизмі ретінде маңызды ролін атай отырып
барлық Шығыс Қазақстан облысының дінге сенушілеріне үндеу тастаймыз:
- адамдар арасындағы
жақтырмаушылықтан бас тартып өзара сыйластықта, адалдықта өмір сүру,
мәдени, діни және басқа да әр алуандықты қабылдау ;
- басқа діни
дәстүрлерді менсінбеу немесе басқаша талқылау көзқарастарын жоюға
бірігіп күш жұмсау, діндерді ажырататын мәселелерге емес, оларды
біріктіретін мәселелерге баса назар аудару;
- әділеттілік адамның
қаны мен қорқынышынан қаланбайтындықтан, барлық қалыптағы теорроризмді
айыптау, ал осындай тәсілдерді дінге қатысты қолдану жақсылық пен
сұхбатқа шақыратын кез келген діннен ығысуды білдіреді;
- ынтымақтастық пен абыройды, бірлікті уағыздау арқылы теорризмнің барлық себептерін жоюға біріге күш салу;
-діни сеніміне қарамастан мемлекеттік рәміздерді сыйлау және Қазақстан Республикасындағы заңнамалар талаптарын орындау;
- бір дінге сенушілерді басқа дінге ауыстыру үшін қысым көрсетпеу және зорлық әрекеттер жасамау;
- заңнамалардың өзара түсіністікті, бірігуді және әлеуметтік сәйкестікті сақтаудағы негізі ролін құрметтеу;
Жоғарыда айтылғанға орай, біз Шығыс Қазақстан облысының дини конфессиялары:
- жалпы адамдық
құндылықтарды қабылдауды қамтамасыз ете отырып, барлық адамдар және ең
алдымен жастардың арасында дінаралық төзімділіктің таралуына ықпал
етуді;
- діни бірлестіктердің
рухани әсері мен қорын бейбітшілікті нығайту мен облысымыздағы
тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауды, және де әр түрлі діни
құрылымдардың арасындағы мәселелерді шешу мен алдын алуға бірлесе үлес
қосуды;
- бірлескен
кездесулер, семинарлар өткізу, БАҚ-қа шығу, интернет және басқа
құралдарды қолдану арқылы бірлескен дін аралық байланыстарды жариялау
үшін және оң қабылдауды ынталандыру бойынша нақты шаралар қабылдауды
ШЕШТІК.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
20.10.2009 Рухани келісім күнін өткізу аясында Шығыс ...18.10.2008 Діни келісім күніДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...10.10.2008 «Ұлт тұтастығы арқылы – болашақ ...
|
| Просмотров: 582 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|