Елбасы Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен бастап
ұлтаралақ және конфессияаралық келісім мемлекетіміздің ішкі
саясатындағы маңызды мәселе екендігін баса айтып келеді.
1992
жылы Алматы қаласында Бүкіләлемдік рухани келісім конгрессі болып өтті.
Онда 18 қазан - Рухани келісім күні, яғни татулық, қайырымдылық және
жақындарға көмек көрсету күні деп жариялау туралышешім қабылданды.
Жыл сайын облыс бойынша осы күні конфессиялар арасында өзара
түсінісушілікті және мемлекеттік органдарымен байланысты нығайтуға
бағытталған дәстүрлі іс-шаралар өткізіледі.
Рухани келісім
күнін өткізу облыс бойынша барлық конфессиялар арасындағы дінге
сенушілердің бірігуінің, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің
нығаюының біріктіруші факторы болып табыдалы
Біздің облысымызда 20 конфессияның өкілдерінен құралған 335 діни бірлестік қызмет атқарады.
Рухани келісім күні аясында 2009 жыл 20 қазанда Шығыс Қазақстан облысы
әкімі Б.Сапарбаевтың діни бірлестіктер басшыларымен кездесуі өткізілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық сенушілерге арнап үндеу қабылданды.