www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 13.10.2009 «Ұла дала ойындары» мега шоу жобасы
13.10.2009 «Ұла дала ойындары» мега шоу жобасы
       «Адал Азамат» Қоғамдық Қоры «Еларна» республикалық телеарнасымен бірлесе отырып, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен қазан айынан бастап «Ұла дала ойындары» атты тележобасын көрермен назарына ұсынады. Жобаның мақсаты – бүкіл Қазақстанды қамтитын дүбірлі жоба арқылы халқымыздың шабандоздық ойын түрлері мен музыкалық өнерін насихаттау барысында дәстүр жалғастығын паш ету.
       Халықтың қайсар рухын,  еңбекқорлығын,  өнері мен мәдениетін, салауатты өмір салтын танытып, барша қазақ елін бірлікке шақыратын бұл тележобада еліміздің барлық аймағынан жиналған алты топ (Батыс, Шығыс, Арқа, Оңтүстік, Солтүстік,  Жетісу) өзара сайысқа түспек.  Жобада «Түйе палуан», «Бәйге», «Жамбы ату», «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Көкпар», «Ақындар айтысы», «Жыршы-термешілер», «Күй тартыс», «Дәстүрлі ән», «Қымызмұрындық» сияқты ұлттық ойындар мен дәстүрлі музыкалық өнердің барынша кең тараған 12 түрі қамтылады. Қазақтың батыр да қайсар, шешен де дана халық екенін танытатын аталмыш шарада 18 бен 35 жас аралығындағы 200-ге жуық қазақстандықтар бақтарын сынайтын болады. Театрландырылған қойылым түрінде өткізілетін тележоба «Zen Media Production» cтудиясының шығармашылық тобымен түсіріледі.
       «Ұла дала ойындары» жобасының жетекшісі, «Адал Азамат» Қоғамдық Қорының Вице-Президенті Ерлан Сержанұлының айтуынша, елімізде мемлекеттік тілді дамытуға барынша үлес қосуды басты мақсат тұтқан Қордың экран арқылы көрермендерге ұсынатын дүниелерінің бәрі дерлік ана тілімізді дамытуға, ұлттық рухани құндылықтарымызды насихаттауға бағытталады. Біз көрермендерге ұсынғалы отырған жобаның басты мақсаты - қазақ жастарына дәстүрлі халық ойындарын жаңа қырынан танытып, оның ұлт жадында мәңгі сақталуына ұйытқы болу.
        Ұлт рухын көтерер бұл дүниені еліміздің көрермендері «Еларна» республикалық телеарнасының эфирінен 18 қазаннан бастап келесі жылдың 25 мамырына дейін тамашалайтын болады. Іріктеу кезеңдерінен топ жарып шыққан әр аймақтың нағыз жеңімпаздарын көрермендердің өздері анықтайды.
       Олай болса, жеңіс туын жоғары ұстаған әрбір қазақтың ұлттық рухын бір сілкінтуге септігін тигізер «Ұлы дала ойындары» думанды бағдарламасын тамашалаудан кеш қалмаңыздар!!!
Қосымша ақпарат:
       «Адал Азамат» Қоғамдық Қоры 2009 жылдың 23 қаңтарында құрылды. Аталмыш Қор мемлекеттік тіл - қазақ тілінің іс жүзінде қолданылуын, жоғары дәрежеде дамуын қамтамасыз ету, ұлтаралық келісімді нығайту жолында Қазақстан халықтарының тілдеріне қолдау көрсету мен дамытуды мақсат тұтады. Сондай-ақ еліміздегі ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту мекемелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктестік қарым-қатынастарын орнату арқылы Қазақстан жастарының сапалы білім алып, саналы тәрбиеленуіне жол салатын оқу гранттары мен сайыстар, тіл курстары мен семинар-тренингтер ұйымдастырып, анимация, кинематография, телевизия саласында қызмет атқарады.

 
       Толық ақпаратты «Адал Азамат» Қоғамдық Қорының www.adalazamat.kz сайтынан таба аласыздар.

 
Другие новости по теме:

  • 21.05.2010 Жастардың электоралды белсенділігі назарға алынып о ...
  • Астана қаласының күндері
  • 2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...
  • ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАР
  • 18.05.2011 Шетелден көмек


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село