| |
 |
 |
 |
| 23.09.2009 Полигон жаңғырығы және ядролық қарусыз әлем |
2009 жылдың 23 қыркүйегінде Семей ядролық полигонының жабылғанына 20
жыл толу қарсаңында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе «Полигон жаңғырығы және
ядролық қарусыз әлем» атты халықаралық конференция өткізілді.
Конференцияның жұмысы төмендегі бағыттарда өтеді:
- Ядролық жарылыстардан зардап шеккен тұрғындарды оңалту шаралары.
- Бұрынғы Семей ядролық полигоны аймағындағы азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерін санитарлық бағалау.
- Экологиялық жағдайға мониторинг және қоршаған ортаны қорғау.
Конференция жұмысына танымал тұлғалар, саясаткерлер, жоғары оқу
орындарының белді ғалымдар қатысып, ядролық қарусыздану мәселесіне өз
ойларын қосып, игі бастаманың жаршысы атанады.
Ғылыми форум аясында Полковничий аралындағы «Өлімнен де күшті»
монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді, «Қазіргі заман
талабындағы ядролық қарусыз әлем идеясы» тақырыбында дөңгелек үстел
өткізілді. Университет кітапханасы, өлкетану мұражайы және Семей
қаласының жаңа заман құжаттандыру Орталығының ұйымдастыруымен
«Қазақстандағы антиядролық қозғалыс» мамандандырылған көрме өткізілді.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
2009 жылдың үшінші тоқсанындағы қоғамды ...04.11.2008 Алаш қозғалысының 90-жылдығыҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылды ...Астана қаласының күндері 30.04.2009 Этномәдени бірлестіктердің республикалық конф ...
|
| Просмотров: 460 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|