www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 24.09.2009 Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!
24.09.2009 Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!
Сіздерді 25-27  қыркүйек аралығында «MESTO» жанұялық демалыс орталығындағы поляк фильмдері көрсетілімінің салтанатты ашылуы мен қойылымдарына шақырамыз (Кіру тегін)


16.00 –  «Менің Никифорым»

Жанр: Драма, деректі
Режиссер: Кшиштоф Краузе
Сценарий: Кшиштоф Краузе,
                   Йоанна Кос-Краузе
Ұзақтығы: 97 мин

Әлемнің ең ұлы примитивистерінің бестігіне кірген Никифордың ақырғы сегіз жылғы өміріндегі фактілерге негізделген тарих. Никифорды өмір бойы ешкім түсінбеген, менсінбей күлкіге айналдырған. Крыницада барлығы оны есі ауысқан деп санаған, ол барлығына не қорқыныш, не күлкі болған. 1960 жылы тағдыр оны жас суретші Мариан Влосиньскиймен кезіктіреді. Алғашқы кездері Влосиньский одан құтылғысы келеді, ал  жақынырақ  танысқанан кейін, Влосиньский оныњ данышпандық қасиеттерін ашады. Ол оныњ µнерінде бірегей күш - бүгінгіге құштарланбау және тек өнерге ғана  бойұсынудың бар екенін таниды. Жеті жыл өткеннен кейін, Варшавадағы «Захенчеде» Никифордың алғашқы шығармаларының бірінші ретроспективалық көрмесі ашылады, бұл күн оны әлемге танытып, триумфке жеткізген  күн болады.


«Құтқарушының Алаңы"

Жанр: Драма
Режиссер: Кшиштоф Краузе,
                   Йоанна Кос-Краузе
Сценарий: Кшиштоф Краузе,
                   Йоанна Кос-Краузе
Ұзақтығы: 94 мин

Фильм өмірдің күрделі жағдайларында шатасқан адамдар тағдырындағы фактілерге негізделген оқиғаны  көрсетеді. Фильмнің басты кейіпкерлері – жақын уақытта жаңа пәтерге көшіп кіргелі отырған жас отбасы. Көптен күткен кілттерін алмастан бұрын, біраз уақытқа жас жігіттің анасының үйіне көшеді. Жуынатын, ұйықтайтын бөлмелері қалай орналасатынын, едендері жылытпалы етіп жасау қажеттігін жоспарлап жүргендерінде, девелоперлары банкротқа ұшырайды. Беата және Бартек орасан зор қарызбен және екі баласымен жас жігіттің анасының кішкене пәтерінде қалады. Екі жақты айыптау драмасы басталады.


17.30 – «Симметрия»

Жанр: Драма, деректі
Режиссер: Конрад Невольский
Сценарий: Конрад Невольский
Ұзақтығы: 99 мин

26 жасында Лукашты егде әйелге тиістің деген жала жауып  абақтыға отырғызады. Анасы жалдаған ақтаушының Лукашты ақтап алуға шамасы келмейді. Абақтыдағы өмірге үйреніп қалған Лукаш абақтыдағы топқа қосылуға ұмтылады. Біраз уақыт өткеннен кейін, абақтыға педафилизм үшін сотталған жаңа тұтқын  түседі.  Сондықтан оны  айыпталғандар ерекше тәлкекке салады. Бұдан Лукаш та бейтарап  қала алмайды. Қылмыстық өмірдің өзіндік қағидаларын қатаң сақтау қажеттігінен оның моральдық ұстанымдары қатты сынға түседі.


12.00 –  «Дене»

Жанр: Комедия
Режиссер: Томаш Конески, Анджей Сарамонович
Сценарий: Анджей Сарамонович
Ұзақтығы: 98 мин.

Голди (Томаш Кароляк) костелдан ұрланған әшекейлер салынған чемоданды поезбен алып келе жатады. Стоп-кранды біреу қатты тартқан кезде, ауыр чемодан Вольердің (Рафал Круликовский) басына құлап, ол кенеттен мерт болады. Шошынған Голди өлікті біреуге тастамақ болады...


14.00 –  «Мүдде»

Жанр: Драма. Военный.
Режиссер: Ян Якуб Кольски
Сценарий: Ян Якуб Кольски. Люк Бонди
Ұзақтығы: 117 минут

1943 жыл, Польша қоршауға алынған. Режиссер Фридерик және жазушы Витольд, Витольдтың танысы Ипполитке конаққа бара жатады. Соғысты ұмыттыратын ауылға тән тыныш жағдай сезінген еркектер сиқырлы екіжақты ойын бастайды. Өз араларындағы адамдарды тәлкекке салып, олардың әрекеттерін қуана бақылап отырады.


16.30 – «Тыртық»

Жанр: Психологическая драма
Режиссёр: Магдалена Пекож
Сценарий: Войчех Кучок
Ұзақтығы: 91 мин

Войчехты тек әкесі тәрбиелеген. Оның анасы баланың кішкене кезінде қайтыс болған. Әкесі ұлын соғып, әрдайым кемсітіп отырады. Расында да әкесі ұлы үшін тек жақсылық тілегенімен оған қалай жеткізетінін түсінбейді. Сондықтан оны белдікпен ұрып, айғайлап, кемсітіп зорлық көрсетеді. Санасының түкпірінде ұлын қатты ренжітетінін біледі...
Войчех есейіп, іштей қатайған шағында, қиын жағдайға тап болғанда, өзі жек көретін әкесіндей айғайлап төбелесетін. Алайда оның бұл соқпақтан шығуына жалғыз ғана мүмкіндігі бар – оны зорлық шеңберінен алып шығанын сұлу Таняның терең және шынайы махаббаты. Дегенмен олардың алдында  ұзақ және қиын жол тұрады...


«Ақгүл»
Режиссері: Ян Якуб Кольски
Сценарийі: Ян Якуб Кольскидікі
Ұзақтығы: 115 минут

«Jasminum» (латын тілінен аударғанда «Ақгүл») повесі айналасына махаббат нұрын төгіп, ғажайып сәулелермен   нұрландырып, алуан түрлі хош иістер шығаратын құпиялы және сиқырлы оқиғаны әңгімелейді. Фильм оқиғасы  өрбитін монастрдың, басқа монастрлардан  ешқандай  айырмашылығы болмас еді, егер, онда таңғажайып қасиеттері бар үш монах өмір сүрмесе... Олардың әр қайсысынан түрлі жемістердің иістері тарайды: біреуінен мойылдың иісі, екіншісінен жидектің, ал үшіншісінен алхордың иісі тарайды, бұл иістердің және өзіндік түрлі қасиеттері де бар... Бір күні шіркеуге сондағы суреттерді қалпына келтіруге көркем суретші жас әйел келеді. Наташаның қасында оның 5 жасар Гене атты қызы болады. Кішкене қыздың сұлулығы мен ақылдылығы монахтардың бұғанға дейінгі тыныш өмірлеріне көп өзгерістер әкеледі. Бұл оқиғада адамдардың да, ғимараттардың да, хош иістердің де өз құпиялары болады.

 
Другие новости по теме:

  • 15.07.2011 Әр сұрақ өз жауабын табуы тиіс
  • АНАЛИТИКАЛЫҚ МАҚАЛАЛАР
  • 27.07.2010 Мүддеміз ортақ
  • 15.07.2011 Жақсы өмірге қадам бастық...
  • 22.11.2010 Облыс орталығында үкіметтік емес ұйымдарды ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село