www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Бақтиярова Ә.К.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 20.08.2009 Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының Форумы
20.08.2009 Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының Форумы

      
2009 жылдың 20 тамызында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының Форумы өтті.
       Азаматтық қоғамды құрайтын түрлі қорлардың, бірлестіктердің, ұйымдардың саны, олардың түрлі өңірлер мен салалардағы үлесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы Республикада үшінші орын алады.
       Бүгінгі таңда облыста 605 ҮЕҰ тіркелген. Олардың қызметтерінің негізгі бағыттары: жастар саясатын іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ана мен баланы қорғау, экология, спорт және туризм салалары.
       ІІІ Азаматтық форумда жарияланған ұлттық баяндаманың деректері бойынша біздің өңір үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Мемлекеттік тапсырысты іске асыру үшін бөлінетін қаржы көлемі бойынша Республикада төртінші орын алады.

 
      
Облыс басшылығының қолдауы арқасында екі жыл қатарынан ҮЕҰ қолдаудың өңірлік бағдарламасы қабылданып келеді және  бұл мақсаттағы іс-шараларды іске асыруға қомақты бюджет қаржысы бөлініп отыр.
       Ағымдағы жылы өңірлік «2008-2009 жылдары үкіметтік емес ұйымдарды қолдау» бағдарламасын қаржыландыру 17 млн. 400 мың теңгеден  21 млн. 800 мың теңгеге дейін, яғни 20%  артты. Бұл қаржының 70% құрайтын өз кезегінде  18 млн. 445 мың теңгеге дейін жеткен бөлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бағытталған.   
       2008 жылы жалпы қалалар мен аудандардағы бағдарламаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 3 млн. 905 теңгені құраса, ағымдағы жылы бұл сома  31% артып, 5 млн. 688 мың теңгеге жетті.
       Әлеуметтік қызметтер мен ресурс орталықтарын құру жайындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік қызметтер мен ресурс орталықтарын құру бағдарламаларын орындау бойынша жастар ұйымдарының бастамалары мен белсенділіктерін қолдауға 18 млн. теңге бағытталды.

 
 
      
Ағымдағы жылы облыстық деңгейде мемлекеттік тапсырысты  11 ҮЕҰ орындауда, соның ішінде 4 жастар ұйымы жалпы сомасы  26,0 млн. теңге болатын  тапсырысты орындау үстінде.  Қазіргі уақытта конкурсты жеңіп алған ұйымдар ресурс орталықтарын ашу жөніндегі жобаларды іске асыруда; социологиялық зерттеулер өткізуде; тұрғындардың әлжуаз бөлігіне тегін заңгерлік кеңестер беруде; этномәдени сұхбат мектептері арқылы ұлтаралық келісімді нығайтуда; кәсіпқой насихатшылар даярлауда; қоғамдық санада қалыптасқан әйелдер құқығына қатысты келеңсіз  таптаурынды жеңуге қолғабыс көрсетуде, еңбек қатынастарындағы және басқа да мәселелерді шешуге ат салысуда.  
       Шығыс Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдарының форумы дәстүрлі  іс-шара. Бұл сұхбат алаңының аясында ҮЕҰ мен атқарушы билік органдарының сындарлы өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мәселелері талқыланады. 
       Форум аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.С. Соловьева қатысқан қоғамдық тыңдау, белсенді үкіметтік емес ұйымдарды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті, сондай-ақ Астана қаласында өтетін IV Азаматтық Форумға Шығыс Қазақстан облысынан қатысатын делегаттар тізімі жарияланды.


 

 
Другие новости по теме:

  • ШҚО ішкі саясат департаменті директоры Т.Т.Түсіпбековтың ...
  • 2008 жылғы 1 сәуірдегі ШҚО Маслихатының сессиясынд ...
  • 2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...
  • 2009 жылдың үшінші тоқсанындағы қоғамды ...
  • 10.10.2008 «Ұлт тұтастығы арқылы – болашақ&# ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    Ұлы Жеңіске 65 жыл
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село