| Ресми сайты » Главная » 07.08.2009 Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектебі |
|
 |
 |
 |
| 07.08.2009 Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектебі |
Қазақстан студенттерінің Альянсы (бұдан әрі - ҚСА) - 2005 жылы алдыңғы қатарлы студенттердің бастамасымен құрылған ең үлкен студенттік ұйым. ҚСА 3 жыл көлемінде жастарды біріктіру, ұйымдық рухты дамыту, көшбасшылық қасиетке үйрету және топта жұмыс атқару, өңірлік және республикалық деңгейде жобаларды өздігінен әзірлеу мақсатында белсенділерге және қала көшбасшыларына жазғы студенттік лагерь ұйымдастырып келеді.
3-10 тамыз аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің және Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Простор» демалыс базасында «Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектебі» атты жазғы студенттік лагер өткізілді.
Атаулы іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 100 жуық ең белсенді студентер қатысты.
Жазғы студенттік лагерьді өткізу барысында бірқатар оқып-үйретушілік семинар-тренингтер, шеберлік-сыныптары, Қазақстан студенттері Альянсы калалық көшбасшыларының екінші Кеңесі, студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен дамытуға негіз болатын өзге де іс- шаралар өткізілді.
4 тамызда «Жоғарғы білім беру жүйесінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастар ұйымдарының рөлі» тақырыбындағы Республикалық дөңгелек үстел отырысы өткізіледі.
«Студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектебі» жазғы студенттік лагері еліміздің жастар саясатындағы жарқын әрі есте қаларлық шаралардың бірі болды. |
|
|
|
Другие новости по теме:
23.12.2009 Шығыс Қазақстан облысы Жастарының ІХ фо ...27.05.2009 Студенттік құрылыс жасақтарының 50-жылд ...Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатыны ...30.09.2010 Интеллектуалды ұлт – табыстың ұлты06.08.2010 Жастар белсенділерінің мектебі - 2010
|
| Просмотров: 526 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|