2009 жылдың 27 мамырында Өскемен қаласында студенттік құрылыс
жасақтарының 50-жылдығына арналған СҚЖЕЖ мен «Жасыл ел» жасақтарының
еңбек маусымын ашылу салтанаты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.
Сапарбаевтың, облыстық департаменттер мен басқармалар басшыларының, ЖОО
ректорларының, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар басшыларының,
жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттерінің, жастар
қоғамдық ұйымдарының өкілдерінің, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар
қанаты, студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары сарбаздарының
қатысуымен өткізілді.
Осы жылы студенттік құрылыс жасақтары 50-жылдық тарихы бар мерейтойын
атап өтуде. Қозғалыс жылдар бойы ТМД елдері мен біздің елдің
студенттерінің бірнеше ұрпақ өкілдерінің нағыз өмір мектебі болды.
1959
жылдың көктем айын студенттік құрылыс жасақтарының туған күні ретінде
санау қажет, өйткені М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік
университетінің физика факультетінің студенттері Солтүстік Қазақстан
облысының Булаев ауданына тың игеруге арналған селолық нысандарды
тұрғызу үшін келген.
Құрылыс жасақтары қозғалысының даму тарихы үшін 50 - жыл – асқаралы жас
– Алтын жас! Және бұл тарихтың әр парағында құрылыс жасақтарының
көпшілік ұрпағының шынайы еңбегі алтын әріптермен жазылған!
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен Республиканың барлық
аймақтарында 2001 жылдан бастап қайта жаңғырған студенттік құрылыс
және жастар еңбек жасақтарының қозғалысы қазіргі уақытта өңірлердің
тыныс-тіршілігіне өзінің лайықты үлесін қосып отырған үлкен күш.
Ағымдағы жылы 3000 мыңға жуық сарбазды жұмыспен қамтамасыз етіп, оларды «Жол картасы» бойынша жұмысқа тарту жоспарланған.
Штаб басшылары тарапынан сарбаздардың бос уақытын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. |