| |
 |
 |
 |
| 20.05.2009 Көшпелі «дөңгелек үстел» отырысы |
2009 жылдың 20-22 мамыр күндері саяси партиялармен және діни
бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім «Қазақстан Республикасында діни
сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық
қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламаны» Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асыру бойынша Курчатов
қаласы мен Бесқарағай ауданында ақпараттық-насихаттау тобының жұмысын
ұйымдастырды.
Жұмыс барысында Курчатов қаласында, Бесқарағай ауданының Баскөл,
Бесқарағай, Канонерка, Глуховка, Жыланды ауылдарында көшпелі дөңгелек
үстел отырыстары өткізілді.
Ақпараттық-насихаттау тобының құрамына Ішкі саясат басқармасының,
Әділет департаментінің, Ішкі істер департаментінің өкілдері, Өскемен
орталық мешітінің имамы, «Единство» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
болды.
Қала және аудан жұртшылығымен өткізілген кездесулерге мемлекеттік
атқарушы, құқыққорғау органдарының, білім беру, денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметкерлері, діни бірлестіктер жетекшілері, жастар және
әр түрлі санаттағы тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында бірқатар сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.
Бүгінгі таңда Курчатов қаласында 2, Бесқарағай ауданында 15 діни
бірлестік қызмет атқаруда және олардың тарапынан Қазақстан
Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»
Заңын бұзу фактілері орын алған жоқ. |
|
|
|
Другие новости по теме:
ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР28.05.2010 Дін мәселелеріне арналған семинар өтті 2008 жылғы 1 сәуірдегі ШҚО Маслихатының сессиясынд ...11.02.2009 Қорытынды кеңесі2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...
|
| Просмотров: 457 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|