| |
 |
 |
 |
| 29.04.2009 Республикалық АНТ-ның Шығыс Қазақстандағы жұмысы |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының
бұйрығына сәйкес, 29 сәуірден 1 мамырға дейін Шығыс Қазақстан облысында
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі В.С.Школьниктің
басшылығымен республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелерінің
Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын насихаттау және
түсіндіру бойынша жұмыстары жүргізілді.
Республикалық
АНТ тобының жұмысы 29 сәуір күні облыс басқармаларының басшылары,
депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдары, шағын және орта бизнес,
аудандар мен қалалардың өкілдері қатысқан облыс жұршылығымен кездесуден
басталды.
Сол күні Индустрия және сауда министрі В.Школьник азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өңірлерді кеңінен қамту мақсатында АНТ мүшелерінен үш топ құрылды.
Бірінші топ 29 сәуірде Ұлан ауданының жұртшылығымен, «Өскемен құс
фабрикасы» АҚ, «Жерсу» шаруа қожалығының еңбек ұжымдарымен кездесті.
30 сәуірде топ мүшелері «Азия-Авто» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, «Алтай» технопаркі
мекемелерінің ұжымдарымен кездесіп, жұмыстарымен танысты.
Күннің екінші жартысында аталған топ Глубокое ауданында болып қайтты.
Аудан жұртшылығымен кездесуден кейін насихат тобының мүшелері
«Восток-Универсал» ЖШС-де болды.
Екінші топ 29 сәуірде Семей қаласының активімен кездесті.
30 сәуір күні «Қайнар» университетінің студенттері және
мұғалімдерімен, «СемАз» ЖШС және ұн-комбикорм комбинатының
жұмысшыларымен кездесулер өтті.
Сонымен қатар осы күні топ мүшелері Бесқарағай, Абай, Бородулиха аудандарының тұрғындарымен кездесті.
Үшінші топ мүшелері 29 сәуірде Риддер қаласына сапар шекті. Олар
«Казцинкмаш» ЖШС жұмысшыларымен және қала жұртшылығымен кездесті.
30 сәуірде Аягөз және Жарма аудандарында тұрғындармен кездесулер өттіі.
Өткізілген кездесулер барысында республикалық ақпараттық-насихат
тобының мүшелеріне: дизель отынының бағасын реттеу, жолдарды
абаттандыру, мамандарды қайта даярлау, несиелерді қайта қаржыландыру,
медициналық мақтаны лицензиялау, жеке азаматтарға металл сынықтарын
сатып алуға тыйым салуды енгізу және т.б. жайындағы ұсыныстар және
сұрақтар келіп түсті.
Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелерінің облыстың 10 қаласы
және ауданында өткізген кездесулер барысында 3016 адам түсіндіру
жұмыстарымен қамтылды. |
|
|
|
Другие новости по теме:
06.04.2009 Елбасының Жолдауын түсіндіру – басты міндет15.10.2009 Облыстық ақпараттық-насихаттау тобының ...28.11.2008 Семинар-кеңес2009 жылдың екінші тоқсанындағы қоғамдық ...2009 жылдың бірінші тоқсанындағы Ішкі саясат басқар ...
|
| Просмотров: 465 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|