www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 06.03.2009 БАҚ-тардың бас редакторлары мен құрылтайшыларының кездесуі өтті
06.03.2009 БАҚ-тардың бас редакторлары мен құрылтайшыларының кездесуі өтті
       Өскемен қаласында наурыздың 5 күні өңірлік БАҚ-тардың бас редакторлары мен құрылтайшыларының кездесуі өтті.
       Оған қатысушылар, облыстың біртұтас ақпараттық кеңістігін одан әрі қалыптастыру міндеттерінің маңыздылығын, журналистер қауымдастығының әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысуын, тәжірибе алмасу және біліктілікті жетілдіруді ұйымдастыру мәселелерін талқылады, қызметі журналистер қауымдастығының бірқатар мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін қоғамдық бірлестіктерге құрылтайшылық жасау туралы шешім қабылдады. Бірқатар  БАҚ редакторлары Жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында  бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының қағидалары туралы  келісімге қол қою туралы бастама көтерді.
       БАҚ өкілдері, ақпараттық ресурстың стратегиялық мәнін, болып жатқан процесстер жайында тұрғындарды жедел және объективті ақпараттандыру маңыздылығын сезіне, өңірде тұрақтылықты сақтау мүддесін басшылыққа ала отырып төмендегілерге келісті:
       1. Республика және облыс экономикасына жаһандық дағдарыстың тигізген зардаптарын объективті тұрғыда жариялау, әлемдік дағдарыстың облыс экономикасына әсерін азайту бойынша қабылданған шаралар туралы жедел ақпараттандыру.
       2. Түрлі санаттағы тұрғындар үшін пайдалы ақпараттар жариялау.
       3. Қиындықтарды жеңіп отырған басқа  шығысқазақстандықтардың тәжірибесінде, азаматтарды күрделі жағдайлардан шығу жолдарына үйрету.
       4. Қазақстандықтар біріге және ақылдаса отырып қана  дағдарысты жеңе алады және одан анағұрлым күштірек болып  шығуы тиіс деген қоғамдық пікір  қалыптастыруға атсалысу.
       5. Деструктивті күштердің ықпалында ермеу, арандату лақаптарын және жалған ақпаратты «сенсация ретінде» қолданбау.
       6.  Экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік шиеленіс пен қақтығыстың туындауына ықпал ететін, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеу мүмкіндіктерін пайдаланбау, арандату материалдарын жарияламау.
       Келісімнің негізгі шарттары алдын ала талқыланып, келісілгендіктен, келісімге талқылаусыз және өзгертусіз қол қойылды.
       Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алғашқы рет осындай  кең форматта «Шығыс Қазақстан облысының бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігін құру жайындағы өзекті мәселені талқылады.
       Бас редакторлар клубы Шығыс Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, журналистердің кәсіптік қарымын жетілдіруге жағдай жасау мақсатында құрылған. Оның қызметі біртұтас ақпараттық кеңістікті әрі қарай қалыптастыру, журналистер қауымдастығы өкілдерінің әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысуы,  тәжірибе алмасу және біліктілікті жетілдіруді ұйымдастыру міндеттері шеңберінде жүзеге асырылады.
       Ұйым Жарғысының жобасы мұқият қаралып, талқылау барысында түзетулер енгізіліп, құпталды. Ашық дауыс беру барысында көпшілік дауыспен қоғамдық бірлестіктің төрағасы болып «Мой город» газетінің редакторы -  Евгений Станиславович Черкашин сайланды.
       Келісім жобасы және қоғамдық бірлестік Жарғысы  Семей қаласы бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелері мен бас редакторлары тарапынан да қолдау тапты. Семей қаласында наурыздың 11 күні өткен бас редакторлар клубының отырысында аталған құжаттар талқыланып, қол қойылады.
       Кездесуге республикалық басылымдардың меншікті тілшілері қатысты, олар қоғамдық бірлестік құрамына қауымдастық мүшелері ретінде кіре алады.

 
Другие новости по теме:

  • «Бас редакторлар клубының» қызметін үйлестіру
  • 31.03.2010 Бас редакторлар бас қосты
  • 23.11.2010 Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың ...
  • 27.06.2009 Журналистер мерекесі
  • 2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село