| |
 |
 |
 |
| 05.03.2009 Жұмыс тобы мүшелерінің кездесуі |
Шығыс Қазақстанда 2008 жылғы 3 қарашада облыс әкімі мен көпшілік саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар жетекшілері арасындағы жасалған өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру жалғасуда.
Саяси партиялардың бастамасымен құрылған әлеуметтік қайшылықтар мен дау-жанжалдар туындаған жағдайда бірігіп қарау және шешімдер қабылдау жөніндегі арнайы жұмыс тобы бұл бағыт бойынша нысаналы жұмыстар жүргізуде.
5 наурыз күні Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да жұмыс тобының мүшелері, 2-ші деңгейдегі банк және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдерімен дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында несие беру шарттарын түсіндіру және ақпараттау мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесуге қатысушылар, экономиканың тұрақтандыру және қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан теңдессіз шаралар қабылданғандығын атап өтті. «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы, жүйе құраушы төрт банкті қосымша капиталдандыру жүргізілді, кездесуге қатысқан банк өкілдері қазақстандық несие алушыларға несие алу үшін қандай шарттар бар екенін түсіндіріп берді. Шығыс Қазақстан жұршылығын толғандыратын маңызды мәселе ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырудың шарттары мәселесі. Банк өкілдері осы мәселеге және басқа да мәселелерге қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.
Саяси партиялар және қоғам ұйымдар басшыларын сондай-ақ қосымша мемлекеттік білім беру гранттар мен несиелер алу тәртібі қызықтырды. Бұл сұрақтарға Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ өкілдері жауап берді.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
17.02.2009 Шығыс Қазақстан облысының әкімі к ...Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатыны ...24.02.2009 Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерінің ке ...2009 жылдың бірінші тоқсанындағы Ішкі саясат басқар ...2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...
|
| Просмотров: 530 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|