| |
 |
 |
 |
| 13.02.2009 Ауған соғысының аяқталғанына 20 жыл толды |
Өз өмірлерін Отанды қорғау үшін қиған барлық кезеңдердегі жауынгерлердің ұлы ерліктері шексіз. Өмірден өткен жауынгерлерді мәңгілік есте сақтау – бұл көпұлтты Қазақстанның дәстүріне айналды.
Ауғаныстан соғысына 620 мың Кеңес жауынгерлері қатысты, 72 адам Кеңес Одағының батырлары атанды. 14 мыңнан артық адам қаза болды, соның ішінде 41 солдат, олардың есімдері мәңгілікке есте сақталады.
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында Ауған соғысы аяқталуының 20 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді.
Өскемен қаласында интернационалист-жауынгерлердің ескерткіш Мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Соғыс құрбандарын еске алу үшін облыстың қалалар мен аудандардан Ауған соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты С.И. Ферхо, Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжанов, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Б.Х. Зәкәриянова, облыстық қорғаныс департаментінің бастығы А.Ж. Сәрсенбинов, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, соғыс құрбандарының туысқандары, қала тұрғындары келді.
Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ-нің бас корпусында салтанатты жиналыс және мерекелік концерт өткізілді. Талдау және болжау институтында ШҚО ауғаныстан жауынгерлер қоғамдық бірлестіктерінің Үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті. |
|
|
|
Другие новости по теме:
2009 жылдың екінші тоқсанындағы қоғамдық ...23.12.2009 Шығыс Қазақстан облысы Жастарының ІХ фо ...07.05.2009 9 мамыр Жеңіс күніне арнлаған мерекелік іс-ша ...2009 жылдың үшінші тоқсанындағы қоғамды ...11.02.2009 Қорытынды кеңесі
|
| Просмотров: 1476 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|