www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 23.12.2008 ШҚ облыстық кәсіподақтар кеңесінің құрылғанына 60-жыл толуына арналған шаралар өтті
23.12.2008 ШҚ облыстық кәсіподақтар кеңесінің құрылғанына 60-жыл толуына арналған шаралар өтті

Шығыс Қазақстар облысының әкімі Әділғазы Бергенев кәсіподақтар одағы өкілдерін облыстық кәсіподақтар кеңесінің 60-жылдығымен құттықтады. Жаңа өндірістік қатынастар және нарықтық экономиканың дамуына, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде абыройлы азаматтық қоғам институтының жетекші ролін атап өтті.

         Әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуда, экономиканы дамыту мәселелерінде бизнестің әлеуметтік даму жауапкершілігінде билік органдары мен кәсіподақтардың конструктивті қарым-қатынасы арықарай дамиды деп өңір басшысы сенім білдірді. Осы жұмыста әлеуметтік еңбек қатынастарын және әлеуметтік серіктестікті реттеу бойынша облысымызда жеті жыл қызмет көрсетіп келетін үшжақты комиссияның атқаратын ролі зор.

         Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына әлемдік дағдарыстың әсері жағдайында жұмыскер, жұмыс беруші және мемлекет арасындағы келіспеушіліктерді шешуге және кикілжіңді болдырмау, тепетеңдікке жету бойынша әлеуметтік диалогтың маңызы арта түседі. Ағымдағы кезеңдегі уақытша қиындықтарды кәсіподақ бірлестіктері және билік органдары потенциалын біріктіре отырып қана жеңе аламыз деп атап өтті Әділғазы Бергенев.

         2009-2011 жылдарға «ШҚоблыстық кәсіподақтар кеңесі» қоғамдық бірлестік одағы және облыстық жұмыс берушілер бірлестіктері, облыстық әкімдік арасында әлеуметттік серіктестік бойынша үшжақты Келісімге қол қойылды.

Жақтардың міндеттері мен мазмұнын анықтайтын, жұмыскерлердің еңбек жағдайын, жұмыспен және әлеуметтік кепілідікпен қамтамасыз етілуін анықтайтын құжатқа қолдарын қойды:

         1. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ә.Бергенев

         2. «ШҚ облыстық кәсіподақтар кеңесі» қоғамдық бірлестік одағының төрайымы Н.Түсүпова

         3. «Өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағы» ШҚ ассоциациясының Президенті Ю.Швайченко

         4.  Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының «Атамекен» одағы» заңңгер тұлғалар бірлестігі ШҚО филиалының директоры А.Қажыбаев

         5. «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚ филиалының төрағасы Ж.Манақов.

         «Дидар», «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде келісімнің толық  мазмұны жарияланады.

         Кәсіподақтар конференциясының теоретикалық бөлімін «ШҚ облыстық кәсіподақтар кеңесі» қоғамдық бірлестік одағының төрайымы Нұржан Түсүпова ашты. Ол кәсіпоадақ қозғалысы тарихын қысқаша айтып, осы уақыттағы кәсіподақтар ұжымдары жұмыстарының ерекшелігіне тоқталды. «Бүгінгі күнгі кәсіподақтар – мемлекет пен жұмыс беруші арасындағы тұрақты серіктес. Еңбеккерлердің әлеуметттік- экономикалық және еңбек құқығын қорғау заңнамасын жетілдіру бойынша белсенді соавтор» деп атап  өтті Н.Түсүпова.

         Облыстық кәсіподақтар ұжымының көшбасшыларын салтанатты марапаттау рәсімі болды.


 
Другие новости по теме:

  • КӘСІПОДАҚТАР
  • 10.10.2008 «Ұлт тұтастығы арқылы – болашақ&# ...
  • 09.01.2009 «Нұр Отан» ХДП Өңірлік Форумы
  • 15.12.2008 Құрметті Шығыс Қазақстан облысыны ...
  • 11.02.2009 Қорытынды кеңесі


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село