| |
 |
 |
 |
| 18.10.2008 Діни келісім күні |
1992 жылы, Алматы қаласында бірінші Әлемдік Рухани келісім конгрессі өткізілді. Онда 18 қазан күнін - Рухани келісім күні – татулық, мейрімділік, жақынға қайрым жасау күні деп атау туралы шешім қабылданды.
Облыста жыл сайын осы күні конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті, олардың мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылын және ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған дәстүрлі іс-шаралар өтізіледі.
Сағат 11:00-де ШҚО әкімі Ә. Бергенев облыстық әкімдіктің 501 бөлмесінде діни бірлестіктердің және ұлттық-мәдени орталықтарының жетекшілерімен және дінтанушы-ғалымдарымен кездесу өткізді. Облыс әкімі облыстағы барлық діндәрләрді Рухани келісім күнімен құттықтап, рухани тазару, сүйіспеншілік, ынтымақ пен келісім тіледі.
Біз, Қазастанда діни немесе этностық негізінде дау-жанжалдардың болмағандығын, жоқтығын мақтан тұтамыз және солай болуы тиіс те; азаматтарымыздың толеранттығы – еліміздің визиттік карточкасы ғана емес, қазақ даласында қалыптасып, бүгінге дейін сақталған бірегей көп ғасырлық әлеуметтік модель. Міне осы үлгі жаңа қалыптағы мемлекет- Қазақстан Республикасын құрудың іргетасы болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері діни қатынастар саласында теңгермелі мемлекеттік саясат жүргізілуде. Ол негізгі іргетас қағидаттарынан қаланған.
Биылғы жылы 10 жыл толған Қазақстанның Бас қаласы – Астана, екі Әлемдік Діни съезінің отаны болды.
Азаматтарымыздың толеранттығы – еліміздің визиттік карточкасы ғана емес, қазақ даласында қалыптасып, бүгінге дейін сақталған, Елбасы Н.Назарбаевтың көрегенді де парасатты саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары бекіп, нығайған бірегей көп ғасырлық әлеуметтік модель.
Рухани келісім күні бағдарламасының аясында кездесуге қатысушылар этнографиялық мұражайдағы діни атрибуттар көрмесін аралады, «Жастар» саябағындағы Рухани келісім аллеясында ізгі дәстүрді жалғастырып теректер отырғызды, осы жерде қаланатын Бесқарағай ауданындағы Ақкөл мешітінің жаңа мешітінің ірге тасын қалауға қатысты.
Сағат 16:00-де Кабанбай батыр көшесіндегі №1 музыка мектебінде рухани және классикалық музыка кеші өтті. |
|
|
|
Другие новости по теме:
20.10.2009 Рухани келісім күнін өткізу аясында Шығыс ...21.10.2009 Діни конфессиялар көшбасшыларының Шығыс u ...ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР16.10.2009 Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сесси ...2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...
|
| Просмотров: 709 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е |
|
 |
|
| |
|
|