www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 21.10.2008 Жасыл Ел
21.10.2008 Жасыл Ел

 

21 қазанда Семей қаласының Абай атындағы театрда студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары мен «Жасыл Ел» жасақтарының  үшінші облыстық слетінің салтанатты жабылу рәсімі болып өтті.

 

Республикада әр жыл сайын жастардың белсенділігі артуда. Бұл игілікті істің жарқын дәлелі ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары мен «Жасыл Ел» жасақтарының қозғалысын қайта жаңғырту бойынша жалпыұлттық бастамасын жүзеге асыру болып табылады.

Қазіргі таңда қозғалыс бүкіл Қазақстан бойынша танымал болуда, Шығыс Қазақстан бұл істі бірінші болып қолға алған облыстардың бірі. Бүгінгі күні жастар еңбек жасақтары қозғалысын дамытуда қалыптасқан игі дәстүрді  жасқанбай айтуға болады.

Үшінші еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімінде биылғы атқарылған жұмысқа қорытынды жасалып, ең үздік студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарының сарбаздары, жұмыс берушілер, оқу орындары марапатталды.

Өзінің баяндамасында СҚЖЕЖ облыстық штабының басшысы И.В. Шацкий «үшінші еңбек маусымында 1385 студент жұмыспен қамтылды, олардың жартысы қыз балалар. Балалар 84,4 млн. теңге соммасындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізді», - деп атап өтті.

Ауылдарда әлеуметтік сала нысандарын салған жылжымалы құрылыс жасақтары да жемісті еңбек етті. Бес жоғарғы оқу орындарының 81 студенті өрттен  зардап шеккен Беген ауылындағы мектепті және Үржар ауданының Қаракөл ауылында Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша құрылысы жүріп жатқан нысандарда жұмыс істеді.

Өскемен қаласындағы «Восток» стадионы, «Радуга» тұрғын үй кешені, Семей қаласы маңындағы Холодный ключ кентіндегі мектеп, жолдарды жөндеу – бұл  сарбаздар еңбек еткен нысандардың толық тізімі емес.

 

Адамдардың тұрғылықты жерлерінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде «Жасыл Ел» сарбаздары қызметін атап өтуге болады. Облыстық штаб 750 адамнан тұратын 45 жасақ құрды, олардың ішіндегі 320-сы  жұмыссыз жастар.

Негізгі жұмыс берушілер Өскемен қаласындағы «Озеленитель» ЖШС, Семей қаласындағы абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі МКК, Абай, Көкпекті, Бесқарағай, Бородулиха және Шемонайха аудандары. 

«Жасыл Ел» сарбаздарымен Семей қаласының орталық көшелерінде гүлзарлар отырғызылды. Және олар  мүгедектер мен қарттар үйіне, балалар биологиялық орталығына дәстүрлі түрде көмек көрсетуде. Олардың күштерімен 820 га аумақ тазаланып абаттандырылды.

Көктемде сарбаздар қайыңды алқапта тоғайлар отырғызуға қатысты. Абай ауданының Қасқабұлақ ауданында Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдығы мерейтойы қарсаңында саябақтың 500 тоғайы отырғызылған  аймағы қайта жөндеуден өтті. Барлығы 3500-ден  астам тоғай отырғызылды. 

Үшінші еңбек маусымының салтанатты жабылу күніне облыс әкімінің орынбасары А.Е. Тәженов, басқарма басшылары, оқу орындарының өкілдері, жұмыс берушілер қатысты.

Өзінің баяндамасында А.Тәженов «Келешекті айқындайтын Қазақстан өрендерінің тағдыры жас мемлекеттің тағдырымен сабақтас. Сол себепті жастардың ел ертеңіне еңбек етіп, маңдай терін төгуі - игілікті іс екендігін, және бұл - оқу мен еңбекті ұштастырған болашаққа деген сенімнен туындаған қадам», - деп атап өтті.

Еңбек маусымының жабылуы рәсімінде сарбаздарды «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары С. Аубакиров құттықтады.

Өздерін еңбекте жақсы жағынан көрсеткен сарбаздар облыс әкімінің грамоталары және дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

 


 
Другие новости по теме:

  • 17.02.2009 «СҚЖЕЖ және» «Жасыл ел» міндеттері
  • 27.05.2009 Студенттік құрылыс жасақтарының 50-жылд ...
  • 28.10.2008 Жасыл ел
  • 2009 жылдың екінші тоқсанындағы қоғамдық ...
  • 23.12.2009 Шығыс Қазақстан облысы Жастарының ІХ фо ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

    1
    2
    3
    4
    5
    6
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село