Алғашқы рет форум саяси партиялардың, қоғамдық-саяси, үкіметтікемес
ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, бұқаралық-ақпарат құралдарының,
кәсіподақ және облыс өңіріндегі барлық қалалар мен аудандардың азаматтық қоғам
институттары өкілдерін жинады. Форум
жұмысына облыс әкімі Ә.Бергенев, облыстық басқармалардың бірінші басшылары,
әкім орынбасарлары, қалалар мен аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары
қатысты.
Шығыс Қазақстан азаматтық қоғамды құратын әртүрлі қорлар, бірлестіктер,
ұйымдар жағынан үшінші, ал ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобаларын қаржыландыру бойынша республиканың 16 өңірі
ішінде 4 орынға ие.
Облыста саяси партиялардың 10 филиалы және 3 республикалық қоғамдық-саяси
ұйымдар өкілдігі, 553 ҮЕҰ, 15 кәсіподақ ұйымдары, 171 бұқаралық ақпарат құралы,
54 ұлттық-мәдени орталық, 4 Достық Үйі, 4 жексенбілік мектеп, 316 діни
бірлестік тіркелген.
Жобалық шешімдер қабылдау кезінде облыс басшылығының қоғамдық пікірді үнемі
ескеріп отыруының нәтижесінде, өңірдегі қоғамдық климатты әріптестік сұхбат жағдайындағы ынтымақтастық деп сипаттауға болады.
Үнемі «дөңгелек үстелдер», семинарлар өткізіліп тұрады. Үкіметтікемес
ұйымдармен, діни бірлестіктермен, ақпараттық, гендерлік саясат жөніндегі өзара
іс-қимылдағы консультативтік-кеңесші
органдар құрылған. Онда қоғам белсенділігін дамытуға, сұхбат өрісін кеңейтуге,
саяси мәдениет деңгейін жоғарлатуға бағытталған әртүрлі пікірлер қарастырылып,
шешімдер қабылданады. Бұл осы немесе өзге салада іс-қызметті жақсартуға
септігін тигізеді.
«Қоғам-билік» үрдісінде өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз ету
бойынша қоғамдық кеңестің атқаратын рөлі зор. Ағымдағы жылы олар экология,
медициналық қызметің сапасын арттыру, ифляцияны ырықтандыру, өнеркәсіп және энергетиканы одан
әрі дамыту жайындағы мәселелерді
қарастырған бес отырыс өткізді. Сарапшылардың қатысуымен өтетін талқылаулар
нәтижесінде арнайы ұсынымдар қабылданады.
Билік және азаматтық қоғам институттарының сындарлы ынтымақтастығының пәрменді
формасы әлеуметтік және мемлекеттік
ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру болып табылады.
Пленарлық отырыс барысында облыс әкімі Әділғазы Бергенев, ішкі саясат
басқармасының бастығы Баян Зәкәриянова, «Нұр-Отан» халықтық демократиялық
партиясының Шығыс Қазқастан облыстық филиалының төрағасы Төлеген Ибраев, облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Нұржан Түсіпова, облыстық қоғамдық
кеңестің төрағасы Владимир Лопаткин, Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық
Альянсының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы қоғамдық
палатаның мүшесі Олег Чернышов, Шығыс
Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы төрағасының орынбасары Александр Рукин баяндама жасады.
Облыс әкімі Әділғазы Бергенев өзінің
баяндамасында билік органдары мен азаматтық қоғам институттарының өзара
іс-қимылына тоқталды. «Азаматтық қоғамды құру оны дамытудың дайын үлгісі жоқ
әрине, әлбетте біздің және осы жолдағы атқарушы органдардың міндеті, оларға бар
жағдайлар жасау. Біздің мақсатымыз сындарлы әріптестік қатынастарды дамыту»,
деп атап өтті.
Әкім Қоғамдық кеңес жұмысының оңды тәжірибесін, оған жан-жақты қолдау,
қалалар мен аудандардағы осыған ұқсас құрылымдарға
әдістемелік және ұйымдастыру көмектерін көрсету,
әлі де құрылмай келе жатқан жерлерде оларды құру қажеттігін баса айтты.
Консультативтік-кеңесші органдардың соның ішінде үкіметтікемес ұйымдармен, діни бірлестіктермен өзара
іс-қимыл жөніндегі, жастар ісі жөніндегі кеңестердің жұмыстарының нәтижелілігін
арттыру өзекті мәселелердің бірі. Қарт
адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету,
патриоттық тәрбие беруде жемісті жұмыс атқарып жүрген ардагерлер мен
ақсақалдар кеңестері ерекше қолдауды қажет етеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында
бұқаралық ақпарат құралдарымен қалыптасқан оңды динамикалық өзгерістермен
таныстыра Ә.Бергенев мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар барысында қоғамдағы ынтымақ пен тұрақтылықты қамтамасыз
етуге бағытталып жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат жайында жұртшылықтың ақпараттануын
жоғарлатуға бағытталған және шынайы өзекті мәселелерді көтеретін тақырыптарды
жариялау қажет деп атап өтті.
Баяндама соңында облыс әкімі азаматтық қоғам институттарымен осы бағытта әрі қарай мақсатты, жүйелі, жұмыс атқаруға дайын екендігін білдірді.
Мемлекет және қоғамдық бірлестіктердің әріптестік қарым-қатынасының нығайуы,
олардың ұзақмерзімді серіктестігі – ерікті азаматтық қоғам құрудың қажетті
шарты болып табылады.
[/center]
Ішкі саясат басқармасының бастығы
Баян Зәкәриянова Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдардың
жұмысының басты басымдығы Қазақстандағы
азаматтық қоғамды құрап отырған қазіргі
демократиялық институтардың барлығымен бірлесе іс-қимыл, әріптестік және
серіктестік қатынастар құру, басқаша айтқанда ашық сұхбат орнату болып
табылатынын айтып өтті.
Басқарма бастығы «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алуға қатысатын үкіметтік емес
ұйымдар өз мақсаттарында пайда көруді көздемейді, сондықтан мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты тек қаржылық ғана емес саяси
жағынан қарау қажет екендігін» атап өтті.
Ол ашық конкурс арқылы өткізілетін
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс берудегі
қолданыстағы заңнаманың кемшіліктеріне тоқталып өтті.
Кезекті маңызды мәселе, ол әлеуметтік
сала басқармаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруы. Баян
Зәкәриянова облыстық басқармалардың басшыларына бюджеттерде қалыптастыру
кезінде үкіметтік емес ұйымдар жобаларын қолдауға қаржы қарастыру ұсынысын
айтты. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заң қаржы бөле отырып, ҮЕҰ
күнделікті жұмыста шешіле бермейтін кейбір мәселелерді шешуге тартуға мүмкіндік
береді. Әлеуметтік маңызы бар жобалардың саны мен көлемі үнемі ұлғайып отыруы қажет.
Бұл тек Ішкі саясат басқарамасының міндеті ғана емес, облыстың әлеуметтік
салада жұмыс атқаратын өзге де басқармаларға да қатысты. Лоттардың тақырыбын дайындау
кезінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қатыстыру және әлеуметтік саясаттың
негізгі басымдықтары мен бағыттарын ескеру қажет делінді.
Облыс әкімі жанындағы облыстық қоғамдық
кеңестің төрағасы Владимир Лопаткин өз
сөзінде азаматтық бастамалардың дамуы, халықтың әртүрлі санатының өмір сүру
сапасына әсер ететін басқармалық шешімдерге ықпал етуге талпынуы қалыпты жағдай
деп, түйіндеді. Мұны азаматтардың үкіметтік
емес ұйымдарға және басқа да ұйымдарға бірігуі арқылы жүзеге асыруға болады.
Лопаткин мемлекеттік билік органдарымен арадағы сындарлы іс-қимылды қамтамасыз
ету, жұршылықты әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірге қатысты
мәселелерді талқылауға және шешімдер қабылдауға қатыстыру, қоғамдық келісімге
жетуге және нығайтуға ықпал ету мақсатымен құрылған облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің жұмыс
жүйесі және қағидалары жайында айтып берді. Кеңес жанында өңірдің өзекті
мәселелерді мұқият дайындау мақсатында сараптамалық-талдамалық жұмыс
комиссиялары құрылған. Бұл комиссиялардың міндеті қалыптасқан жағдайға кәсіптік
сараптама жасау және осы жағдайды
жақсарту бойынша сындарлы ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Экология, денсаулық
сақтау, пәтер иелері кооперативтерінің, инфляция үрдістері мәселелері бойынша
комиссиялар құрылған. Қазір жер қатынасы және қала құрылысы бойынша комиссия құрылуда. Владимир Лопаткин «Әрине біз өңірдегі барлық мәселелерді шеше
алмаймыз, бірақ бұл мәселелерді талқылауға
салу бастамсын көтеруге мүмкіндігіміз бар» деп
атап өтті. Кеңес төрағасы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудегі
мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг ұйымдастыруға бірқатар ұсыныстар
жасап, ашық сұрақтарды сұхбат арқылы шешу қажеттігіне баса назар аударды.
Баяндамаларды талқылау барысында қауымдастықтағы өзекті мәселелерді
талқылауға, олар бойынша лайықты шешімдер қабылдауға, мемлекеттік органдардың
қызметіне баға беруге мүмкіндік беретін саяси
клуб құру туралы ұсыныс айтылды.
Пленарлық жиналыстан кейін «қоғам-билік»
серіктестігі сұхбатын жетілдіру 2 сұхбаттық алаң: «Мемлекеттік қызмет сапасын
арттыру жолдары», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы билік пен азаматтық қоғамның
өзара іс-қимылы»; 5 секция аясында өтті. Олар: «Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыс: қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы», «Өңірді дамыту
мүддесіндегі қоғамдық сұхбат», «Ассамблеяның және оның ұлттық-мәдени
орталықтарының Қазақстан ұлтының біртұтастығын қамтамасыз етудегі рөлі»,
«Үшжақты серіктестік: проблемалары мен болашағы», «Жергілікті өзін-өзі басқару
- тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру формасы ретінде» секциялары.
Форум
жұмысының барысында қатысушылардың әлеуметтік саладағы облыстық басқармалар басшыларымен
кездесулері өтті.
Фору
жұмысына қатысушылардың назарына азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін
облыс әкімі сыйлығының бес номинация бойынша ережелерінің жобасы
талқылауға ұсынылды.
1. ауылдағы азаматтық белсенділік;
2. әлеуметтік жауапкершілікті бизнес – бәсекелестікке қабілетті бизнес;
3. адамдарға деген қамқорлық;
4. нәтижелі серіктестік;
5. қоғамдық сезімтал БАҚ
Келесі жылы адамдардың жақсы өмір сүру үшін қоғамдағы түйткілді
мәселелердің шешілуі жолында еңбек етіп жүрген қоғамдық институттардың көшбасшыларының есімдері аталады. Сыйлықтардың
тапсырылуы қоғамға ҮЕҰ шеше алатын мәселелер спектрінің кеңдігі, облыстың
барлық өңірлерінде тәжірибеге алуға болатын қызықты технологиялар жайында
ақпарат береді.
Облыстық Азаматтық форум «билік-қоғам» сұхбатын
жетілдірудегі маңызды қадам болып қалыптасты. Форум қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.