DataLife Engine > Ішкі саясат басқармасының есептері > 2009 жылдың екінші тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы ақпарат

2009 жылдың екінші тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы ақпарат


1 июня 2009. Разместил: admin
       Есептік уақыт аралығында облыста тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталды.
       Есептік кезеңдегі басты саяси оқиғалар қатарында Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XII кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзі, Қазақстан өнеркәсіпшілерінің республикалық форумы, Президенттің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының аясында өткен Өңіраралық инвестициялық форум болды
       Облыста стратегиялық құжаттарды насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыстарды 19 облыстық ведомствоаралық, 142 – қалалық, аудандық, ауылдық және кенттік округтер деңгейдегі 609 ақпараттық-насихат топтары жүргізді. Барлық деңгейдегі топтардың құрамында 3682 адам бар. Жолдау шыққан уақыттан бастап ақпараттық-насихат топтарының мүшелері 4056 кездесу, 512 «дөңгелек үстел» отырыстары және семинарлар өткізді. Барлық жұмыс формаларымен  250 мыңға жуық адам қамтылды.
       Билік органдары мен азаматтық қоғам институттары арасында өзара іс-қимылды нығайту мақсатында белсенді жұмыстар жүргізілді. Облыста 10 саяси партия филиалы және республикалық қоғамдық ұйымдардың 4 өкілдігі әрекет жасайды.
       «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы белсенді қоғамдық-саяси ұстанымда болды. XII кезектен тыс партия съезіне қатысқан Шығыс Қазақстан делегаттары еңбек ұжымдарында кездесулер өткізді. Олардың форум жұмысы туралы сұхбаттары облыстық және аудандық басылымдық БАҚ-да жарияланды; облыстық «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында «тікелей эфир» болып өтті.
       Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасы Н. Назарбаевтың XII съезде қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары жасалды. Осыған ұқсас жоспарлар барлық қалалар мен аудандарда жасалып, іске асырылуда.
       Қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуына бірқатар үндесу алаңдарының қызметі ықпал етті. Есептік кезеңде Қоғамдық кеңестің 3 отырысы өткізілді. Онда Өскемен қаласының экологиялық жағдайы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының, Кеңес құрамынан EITI Өндіруші саланың ашықтық бастамалары жөніндегі жұмыс топтарын құру мәселелері  талқыланды. 
       Конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтауға, ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта түлетуге бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп тұрды. Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл бағыт бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, 30 сәуірде этномәдени бірлестіктердің «Келісім. Ынтымақтастық. Тұрақтылық» тақырыбына арналған республикалық конференциясы және «Бір шаңырақ астында» атты дәстүрлі Халықтар достығы форумы өткізілді.
       Жыл басынан бері облыстағы 57 этномәдени ұйым, 4 Достық үйі (Өскемен, Семей, Риддер, Шемонаиха), 4 мектептік және студенттік Ассамблея, 9 «Возрождение» ұлттық мектебі, 900 аса оқушысы бар 4 жексенбілік мектеп өз жұмыстарын жалғастырды. 
       Барлық қалалар мен аудандарда Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне, Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. 
       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналып өткізілген мерекелік іс-шаралар оңды қоғамдық резонанс тудырды. 3-4 маусымда Семей қаласында «Менің Қазақстаным» аты  II республикалық патриоттар форумы өткізілді.  Биылғы жылдың мамыр айында Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты фильм түсіріліп, облыстың қалалары мен аудандарына жіберілді.
       Жастар саясаты және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бағдарламалары аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтсақ, сәуір айында Өскемен қаласында Қазақстан студенттері Альянсының күніне арналған іс-шаралар өткізілді. 26 маусымда Қазақстан жастары күні және Нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналаған іс-шаралар болып өтті.
       Облыста ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» қозғалысын жаңғырту жайындағы бастамалары табысты орындалуда. 27 мамырда СҚЖЕЖ және «Жасыл ел» жасақтарының  студенттік құрылыс жасақтарының 50 жылдығына арналған III еңбек маусымының салтанатты ашылуы болды. 
       Мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара іс-қимылы  сындарлы арнада жүзеге асырылды. Республикалық және облыстық оқиғалар қатары ескеріле отырып аптасайын ақпараттық «күн тәртібі» қалыптастырылды. Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандырудың республикалық жоспары және сәйкес медиа-жоспар бойынша  ақпараттық-түсіндіру жоспарын іске асыру жалғастырылды.
       Жалпы алғанда, облыста тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталып отыр.