DataLife Engine > Ішкі саясат басқармасының есептері > 2009 жылдың бірінші тоқсанындағы Ішкі саясат басқармасының атқарған жұмысы туралы ақпарат
2009 жылдың бірінші тоқсанындағы Ішкі саясат басқармасының атқарған жұмысы туралы ақпарат1 апреля 2009. Разместил: admin |
|
Есептік кезеңде ішкі
саясат басқарамсының жұмысы жылдық жоспар, ай сайын өткізілетін
іс-шаралар сонымен қатар 2009-2011 жылдарға арналған ішкі саясат
саласындағы жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекет жоспары негізінде
жүргізілді.
Басқарма қызметінің негізгі мақсаты ішкі саясат саласында атқарушы билік органдарының жұмыстарын үйлестіру негізінде экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңаруды идеологиялық тұрғыда қамтамасыз ету болды. Аталған жоспарларға сәйкес іс-шаралар: -саяси-қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас жасауға; -мемлкеттік органдарға халықтың сенімін арттыруға; -демократиялық үрдістерді дамытуға бағытталды. Есептік кезеңдегі басты ақпараттық және саяси оқиға Елбасының Қазақстан халқына жариялаған кезекті «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауы болды. Құжаттың негізгі қағидаларын түсіндіру және оны іске асыру іс-шараларын дайындау мақсатымен 12 наурызда облыстық актив өткізілді. Осындай активтер облыстың барлық қалалары және аудандарында өтті. Облыста Жолдауды насихаттау жөніндегі жұмысты 19 облыстық ведомствоаралық, 142 – қалалық, аудандық, ауылдық және кенттік округтер деңгейінде 609 ақпараттық-насихат топтары жүргізді. Барлық деңгейдегі топтардың құрамында 3682 адам бар. Облыс әкімі бекіткен кестеге сәйкес 13-20 наурыз аралығында барлық қалалар мен аудандарға Жолдауды түсіндіру мақсатындағы облыстық ведомствоаралық ақпараттық-насихат топтары мүшелерінің сапарлары ұйымдастырылды. 59 кездесу өткізілді, түсіндіру жұмыстарымен 4751 адам қамтылды. Қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуына бірқатар үндесу алаңдарының қызметі ықпал етті. Қоғамдық кеңестің, Саяси клубтың жұмыстары белсенді жүргізілді. Облыста конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтауға, ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта түлетуге бағытталған тұрақты негіздегі шаралар өткізіліп тұрды. Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бағыт бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізді. Облыстағы 57 ұлттық-мәдени орталық, 4 Достық үйі (Өскемен, Семей, Риддер, Шемонаиха), 4 мектептік және студенттік Ассамблея, 9 «Возрождение» ұлттық мектебі, 900 аса оқушысы бар 4 жексенбілік мектеп өз жұмыстарын жалғастырды. Жастар саясаты және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бағдарламалары аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. 2008 жылы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары және «Жасыл ел» жасақтары атқарған жұмыс қорытындылары бойынша кеңес; ішкі саясат басқармасы мен облыстық СҚЖЕЖ штабы өкілдерінің С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің студенттерімен кездесулері болып өтті. 3 наурызда Ішкі саясат, Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, Өскемен қаласы әкімінің, қаланың ЖОО-ның арасында студент жастар үшін спорт мекемелерінде жеңілдіктер беру туралы меморандумға қол қойылды. Мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың жұмысы сындарлы бағытта жүзеге асырылды. Мемлекеттік БАҚ үшін республикалық және облыстық оқиғалар қатары ескеріле отырып апта сайын ақпараттық «күн тәртібі» жасалды. Экономиканы және қаржылық жүйені тұрақтандырудың республикалық жоспары бойынша ақпараттық-түсіндіру жоспарын және сәйкес медиа-жоспарды іске асыру жалғастырылды. |