DataLife Engine > Ішкі саясат басқармасының есептері > 2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жұмысы туралы ақпарат
2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жұмысы туралы ақпарат1 января 2009. Разместил: admin |
|
2008 жылы ішкі саясат
басқарамсының жұмысы жылдық жоспар, ай сайын өткізілетін іс-шаралар
сонымен қатар 2008 жылғы ішкі саясат саласындағы жергілікті атқарушы
органдардың іс-әрекет жоспары негізінде жүргізілді.
Басқарма қызметінің негізгі мақсаты ішкі саясат саласында атқарушы билік органдарының жұмыстарын үйлестіру негізінде экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңаруды идеологиялық тұрғыда қамтамасыз ету болды. Аталған жоспарларға сәйкес іс-шаралар: -саяси-қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас жасауға; -мемлкеттік органдарға халықтың сенімін арттыруға; -демократиялық үрдістерді дамытуға бағытталды. Бұл мақсаттарға жетуге: - саяси-қоғамдық үрдістерге үнемі мониторинг жасау және олардың негізінде сәйкес ұсынымдар дайындау; - «Қазақстан-2030» Стратегиясының, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Президент Жолдауының, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының негізгі басымдықтарының, қоғамдық-саяси іс-шаралар соның ішінде мемлекеттік мерекелердің іске асырылу барысы жайында халықты ақпараттандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғастыру. - барлық азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін үндесу алаңдарының белсенді жұмысын жалғастыру; - Шығыс Қазақстан халықтар Ассамблеясының, ұлттық-мәдени орталықтардың және достық үйлерінің белсенді жұмысын жүргізу; әр түрлі мәдениеттер мен дін өкілдеріне толеранттық көзқарасты қалыптастыру; - меншік түріне қарамастан бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы қарым-қатынас жүргізу, оларды облыстың саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге ықпалын тигізді. Жыл көлемінде облыстық ведомствоаралық, қалалық және аудандық ақпараттық-насихат топтарының жүйелі жұмыстары ұйымдастырылды. Облыста түсіндіру жұмыстарын барлық деңгейдегі 727 ақпараттық-насихат топтары жүргізеді, олардың құрамына 3675 адам кіреді. Қалалар мен аудандардың насихаттаушы топтарының мүшелері 13,5 мыңнан артық кездесу өткізді. Басқарманың жылдық жоспарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдардың ақпараттық-насихаттау жұмысын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шарал өткізілді. Сонымен бірге 2 наурызда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мақсатымен облыстық актив өткізілді. 8-15 ақпан аралығынде осындай активтер облыстың барлық қала және аудандарында өтті. 28 қарашада «Мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері контексіндегі ақпараттық насихат жұмысының негізгі бағыттары мен басымдықтары» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді. Оның жұмысына мемлекеттік органдардың, БАҚ, азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Семинар барысында АНТ мүшелері болып табылатын қоғамдық институтардың белсенді өкілдері марапаттады. Ішкі саясат саласында аналитикалық және зерттеу жұмыстары Талдау және болжау институтымен бірлесіп жүргізілді. 2008 жылы Институт келесі тақырыптағы әлеуметтік зерттеулер жүргізді: «Шығыс Қазақстанның жастары», «ШҚО тіл жағдайы», «ШҚО діни жағдай», «ШҚО қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингі» және т.б. Облыста 10 саяси партия филиалы және республикалық қоғамдық-саяси ұйымдардың 4 өкілдігі: «Лад», «Поколение», «Ұлт тағдыры», «Алға, ДВК!» тіркеліп жұмыс істеуде. Қоғамдық-саяси өмірде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өзінің белсенді ұстанымын сақтап отыр. Саяси партия филиалдары көшбасшыларымен және қоғамдық бірлестіктермен сындарлы қарым-қатынас орнатылған. Қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуына түрлі үндесу алаңдары белсенді жұмыстар атқарды, олардың қатарына тұрақты өткізілетін «Сұхбат-Диалог» дөңгелек үстелін, облыс әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңесті, Медиа-клубты жатқызуға болады. Қараша айында облыс әкімі және көпшілік облыстық саяси партиялар филиалдары мен қоғамдық бірлестік көшбасшылары арасында өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақты сақтау мақсатымен өзара түсіністік пен қарым-қатынас меморандумына қол қойылды. Әлеуметтік шиеленістер мен қарама-қайшылықтар болған жағдайда бірлесіп қарайтын және нақты шешімдер қабылдайтын жұмыс тобы құрылды. Кәсіподақ ұйымдарымен оңды қарым-қатынас қалыптасқан. Азаматтық қоғамның дамуына ұлттық-мәдени орталықтар, діни ұйымдар өз үлесін қосуда. Бүгінгі күні облыста 57 ұлттық-мәдени орталық бар, 4 Достық үйі, 4 мектептік және студенттік Ассамблея, 9 «Возрождение» ұлттық мектебі, 900 адам оқитын 4 жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Барлық этностық топтарды біріктіру аясында бірлескен іс-шаралар өткізіледі. 2008 жылы «Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Қазақстандағы тұрақтылықтың негізі» тақырыбында халықаралық конференция, «Бір шаңырақ астында» атты достық форумы, «Беловодье» орыс фольклорлық шығармашылығының фестивалі және басқа да іс-шаралар өткізілді. Мемлекеттік органдардың діни бірлестіктер өкілдерімен сындарлы өзара іс-қимылдарын нығайту мақсатында түрлі конфессия көшбасшыларының қатысуымен конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді. 18 қазан күні Рухани келісім күні аясындағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес аталған жұмыстардың үйлестірушісі болып табылады; 2008 жылы кеңес өзінің үш отырысын өткізді. Осыған ұқсас кеңестер облыстың қалалары мен аудандарында да жұмыс істейді. Қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары К.Төлесовтың қатысуымен «Мемлекеттік органдардың діни ахуалға мониторинг жүргізу, діни экстемизм идеяларына қарсы әрекеттер бағытындағы негізгі міндеттері туралы» кеңес болды. Билік органдарының барлық меншік түріндегі бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы ынтымақтастығы еліміздегі реформалардың кең тұрғыда ақпараттық қолдау табуына ықпал етті. Ақпараттық-имидждік жоспарға сәйкес барлық іс-шаралар, соның ішінде республикалық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жарияланып отырды. Жүйелі түрде ашық конкурстар өткізу барлық меншік түріндегі БАҚ өңірдегі ақпараттық саясатты іске асыруға бірдей қатысуына әсер етеді. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді. Егер 2006 жылы ақпараттық қызметтер бойынша мемлекеттік тапсырысты облыс деңгейінде 16 БАҚ орындаса, 2008 жылғы бұл бағытта 23 БАҚ жұмыс істеді. Қалалар мен аудандарда да оңды динамика байқалуда. Егер 2006 жылы 21 БАҚ мемлекеттік ақпараттық қызмет көрсетсе, 2008 жылы бұлардың саны 37 жетті. Мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ Шәкәрім Құдайбердиевтің 150 - жылдығына, «Алаш» қозғалысының 90-жылдығына арналған және басқа іс-шараларды өткізу позитивті қоғамдық резонанс туғызды. Мемлекеттік мерекелер аясындағы іс-шараларға дайындық және оларды өткізу Республикалық Тұжырымдаманың негізгі қағидалары ескеріле отырып өтті. Олар саяси тұрақтылықты нығайтуға, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты қолдауға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталды; қоғамды біріктіруге ықпал етті. 2008 жылы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың серіктестік қатынастарын нығайту, облыстың үкіметтік емес секторын одан әрі дамытуға құқықтық, методологиялық жағдайлар туғызу, өңірдегі азаматтық бастаманы арттыру бойынша жұмыстар жалғасты. Олармен іс-қимылды одан әрі нығайту, қолдау көрсету мақсатында 2008-2009 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының ҮЕҰ қолдау» атты облыстық бағдарлама іске асырылуда. Жалпы қаржыландыру сомасы 36,2 млн. теңгені құрайды. ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсенді түрде тартылады. 2008 жылы 12 ҮЕҰ жалпы сомасы 17 млн. теңгені құрайтын тапсырыс алды. 2008 жылғы қазанда «Ұлт тұтастығы арқылы – болашаққа сеніммен» деген тақырыпта өткен Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық форумы «билік-қоғам» сұхбатын жетілдіру жолындағы маңызды кезең болды. Форум жұмысына барлық азаматтық қоғам институттарының – саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіподақтардың және басқалардың өкілдері қатысты. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру 2008-2009 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының жастары» атты сәйкес бағдарлама аясында жүргізіледі. Оны орындау мақсатында жалпы сомасы 11,0 млн. теңгені құрайтын төмендегі бағыттағы сегіз лот анықталды: жастар ұйымдарын дамыту және қолдау, жас отбасыларына көмек, ауыл жастарының азаматтық бастамаларын дамыту, салауатты өмір салтын және қазақстандық патриотизмді насихаттау, студенттік қозғалысты дамыту. Қазақстан Жастары конгресінің күндері, Қазақстан Студентері альянсының күндері, студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары және «Жасыл Ел» жасақтары маусымын ашу және жабу салтанаттары, Шығыс Қазақстан облысы жастарының «Менің Қазақстаным!» форумы жоғарғы деңгейде өтті. Әлеуметтік қызметтер шеңберінде жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстар дайындалды. Жас отбасылары арналған әлеуметтік қызметтер картасы мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылып, тартылды. Жас кәсіпкелерге арналған «Табысқа қарай үш қадам» ақпараттық-әдістемелік материалы шығарылды. «Шығыс Қазақстан облысының алтын жастары» кітабының үшінші томы шығарылуға дайындалды. Жалпы алғанда басқарма жұмысы облыс көлемінде ішкі саяси тұрақтылықтың сақталуына және нығаюына, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге, қоғамның топтасуын ықпал етті. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. |