www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Ішкі саясат басқармасының есептері » 2009 жылдың үшінші тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы ақпарат
2009 жылдың үшінші тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы ақпарат
       Есептік уақыт аралығында облыста тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталды.
        Есептік кезеңдегі басты қоғамдық-саяси оқиға – Қазақстан Республикасы Конституция күнін атап өту болды. Бекітілген өңірлік іс-шаралар жоспары аясында жоғарғы ұйымдастырушылық деңгейде қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, өндірістік және әлеуметтік-мәдени бағыттағы жаңа нысандар  ашылды.
       Облыс орталығында Абай Құнанбаев ескерткіші мен А.С. Пушкин бюстінің салтанатты ашылуы оңды қоғамдық резонанс тудырды, оған Абайдың ұрпақтары, танымал абайтанушылар, ақындар, жақын шет елдерден қонақтар қатысты.
       Облыста стратегиялық құжаттарды насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыстарды 19 облыстық ведомствоаралық, 142 – қалалық, аудандық, ауылдық және кенттік округтер деңгейдегі 609 ақпараттық-насихат топтары жүргізді. Барлық деңгейдегі топтардың құрамында 3682 адам бар. 15 шілдеде барлық деңгейдегі ақпараттық-насихат топтары мүшелерінің қатысуымен «Ақпараттық-насихаттық жұмыстың басты міндеттері» атты облыстық семинар өткізілді.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың жергілікті жерлерде «жол картасының» орындалу жағдайын зерттеу мақсатыдағы өңірлерге жұмыс сапары қоғамдық-саяси ахуалды нығайтуға, билік органдарының жағымды имиджін қалыптастыруға  оңды үлес қосты.
       Билік органдары мен азаматтық қоғам институттары арасында өзара іс-қимылды нығайту мақсатында белсенді жұмыстар жүргізілді. Облыста 10 саяси партия филиалы және республикалық қоғамдық ұйымдардың 4 өкілдігі әрекет жасайды.
      «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы белсенді қоғамдық-саяси ұстанымда болды. Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасы Н. Назарбаевтың XII съезде қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары орындалу үстінде.       
       14 шілдеде Семей қаласында идеология саласындағы «Нұр Отан» ХДП жаңа басымдықтары мен міндеттері бойынша өңірлік кеңес өтті.
       Конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтауға, ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта түлетуге бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп тұрды. Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл бағыт бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарды.
       Жыл басынан бері облыстағы 60 этномәдени ұйым, 4 Достық үйі, 4 мектептік және студенттік ассамблея, 9 «Возрождение» ұлттық мектебі, 900 аса оқушысы бар 4 жексенбілік мектеп өз жұмыстарын жалғастырды. 
       Барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру аясында бірлескен іс-шаралар өткізіледі. Сонымен бірге, 2009 жылғы 13 – 15 тамыз аралығында  беларустардың қазақ жеріне қоныстануына 100 жыл толуына арналған «Қазақстандағы беларустардың тарих және мәдениет күндері» өткізілді. Мерекелеу аясында ШҚО халық Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы, салтанатты жиналыс, пресс-конференция өткізілді.  
       «Туған жерге тағзым» қайырымдылық акциясы, Х Республикалық Абай оқулары, Республикалық Денсаулық – 2009 фестивалі, Жарма ауданында Ер Жәнібек аты аңызға айналған батырға арналған мемориалдық кешеннің салтанатты ашылу рәсімі жоғарғы қоғамдық-саяси мәнге ие болды. Олар қоғамның топтасуына, жүргізілген мемлекеттік саясатты қолдауға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге ықпал етті.   
       Биылғы жылдың мамыр айынан бастап «Туған ел – алтын бесігім» қалалар мен аудандардың мәдени күндер акциясы басталды. Акция басталғаннан бастап облыс орталығының тұрғындарына 10 аймақтың мәдени бағдарламалары ұсынылды, олар: Жарма, Абай, Күршім, Бесқарағай, Аягөз, Зырян, Үржар аудандары, Өскемен, Семей, Курчатов қалалары болды. Акция аясында іс-шараларға танымал мәдениет, өнер, спорт, қоғамдық қайраткерлері, Шығыс Қазақстан тумалары қатысты.  Оқушы және студенттік жастарға арналып аудандардың танымал тумаларымен кездесулер өткізілді.
       2009 жылдың 23 қыркүйегінде Семей қаласында  Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардың тоқтатылғанына 20 жыл толуына арналған «Полигон жаңғырығы және ядролық қарусыз әлем» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Ғылыми форум аясында «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қою, «Қазіргі заман талабындағы ядролық қарусыз әлем идеясы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Қазақстандағы антиядролық қозғалыс» мамандандырылған көрме ұйымдастырылып өткізілді.
       Ана мен баланы қорғау мәселелерін шешуге ағымдағы жылдың 20-21 қыркүйегінде өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» Фракциясы жанындағы Әлеуметтік Кеңесінің көшпелі отырысы арналды. Отырыс барысында Неке мен отбасы кодексіне өзгерістер енгізу, патронат пен қамқоршылық институтын дамыту, балаларды асырап алу мәселелері қарастырылды; отырыс нәтижесінде орталық және жерлілікті мемлекеттік атқарушы органдарына ұсыныстар қабылданды.
       Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ҮЕҰ маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге белсендірек тартыла бастады. 
      2009 жылы тамыз айында өткен Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының форумы «билік-қоғам» қарым-қатынасының дамуында маңызды кезеңдердің бірі болды. Форум жұмысына барлық азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Онда 2008-2009 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын ШҚО іске асыру мәселелері талқыланды. 
       Жастар саясатын іске асыру «2008-2009 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының жастары» облыстық бағдарламасының негізінде жүргізіледі.
       Жалпы алғанда, облыста тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталып  отыр.

 
Другие новости по теме:

  • 2009 жылдың екінші тоқсанындағы қоғамдық ...
  • 2009 жылдың бірінші тоқсанындағы Ішкі саясат басқар ...
  • 2008 жылы Ішкі саясат басқармасының атқарған жx ...
  • 23.09.2009 Полигон жаңғырығы және ядролық  ...
  • ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАР


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село